Астаналықтар корей ұлтының дәстүрлі маска мәдениетімен таныса алады

Көрмеге корей халқының «Хахве Бёльсингут Тальнори», «Бонсан Тальчум», «Суён Яру» және басқа да театрландырылған дәстүрлі би қойылымдарында қолданылатын маскалар қойылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.



Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Корей халқының дәстүрлі маскалары» көрмесінің салтанатты ашылуы болды.


-

 «Бұл көрме – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Кореяның Қазақстандағы Елшілігінің тығыз қарым-қатынасының айқын көрінісі.  Аталған шара көпшілік көңілінен шығып, келушілер тарапынан оң бағасын аларына сенемін. Көрме арқылы корей елінің мәдениетімен, өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға болады», – деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин.


Айта кетейік, көрмеге корейлердің дәстүрлі маскаларының 61 түрі ұсынылған. Бұл маскалар арқылы Чосон династиясы кезеңіндегі Корея бейнелерін көруге болады. Көрме 23 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz