Бояу қолданбайтын суретші

Қанат Нұртазиннің шығармашылығы туралы елорда әкімдігі сайты тілшісінің материалынан оқып білесіздер.


25 жастағы Қанат Нұртазин шығармашылықпен  Малайзиядағы оқуын тәмәмдаған соң осыдан 5 жыл бұрын айналыса бастаған.


Ағаш жапырақтары, қағаз, пластик, кофе өнімдері, шоколад – бұлардың барлығы өнер тамған жас суретшінің қолында бір туындыға айналады.

«Әуелде картонға сызып кесіп алып жүрдім, сосын жапырақтың құрылымы ұнады да жер шарын бейнелеп кесіп алып оны көк аспанның фонында фотоға түсіру идеясы келді. Сөйтіп теңіз бен құрлықты көрсеткім келді», дейді Қ. Нұртазин.


Қанаттың айтуынша, бір туындыны жасау үшін бірнеше апта кетуі мүмкін. «Мен «Сурет салудың 100 жолы» атты жоба жүргіземін, онда түрлі техника мен әр түрлі материалдарды қолданамын. Суретті кофе, шыбын сеткасы, тігін фурнитурасы, шай, кетчуп, гипспен, шоколадпен салып көрдім. Бұл – менің хоббиім. Мен мұнымен әлемді, қоршаған ортаны қалай көретінімді көрсеткім келеді», дейді Қанат.


Қазіргі заман суретшісінің туындыларын Бейбітшілік және келісім сарайындағы көрмеден көруге болады. Ол жерде тек жапырақтардан ғана емес, моншақтардан, мәрмәрден, тігін фурнитурасынан салынған суреттер бар.


«Стирая грани» атты экспозицияны Бейбітшілік және келісім сарайынан күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көруге болады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz