Жас астаналықтар қандай үйірмелерге барады

Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайында 60-тан астам үйірме бар. 

Оларға 5 мыңға жуық бала келеді. Олардың көпшілігі – бір емес бірнеше үйірменің мүшесі. Елорда әкімдігі ресми сайтының тілшісі қай үйірмелердің ең танымал әрі пайдалы екендігін біліп қайтты.

Ата-аналар балаларының бос уақытты тиімді пайдалануына көп көңіл бөледі. Өйткені, музыкадағы, суреттегі, спорттағы және өнердегі қабілетті  ерте жастан анықтаудың маңызы зор.


Біз бас сұққан алғашқы үйірме «Нұр» қазақ театр студиясы болды. Аталмыш үйірме 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында елордалық балалар үшін көптеген шығармашылық және тақырыптық театр қойылымдары көрсетілді. 


Мұнда олар сахна тілі, сахнадағы әрекет пен импровизацияны үйренеді.

«Біз балаларды актерлік шеберлік пен сахнаға дайындаймыз. Кейбір студенттеріміз фильмге түсіп жүр. «Балапан» телеарнасында да тележүргізушілеріміз бар. Барлығы жеті құрамды шығардық. Көпшілігі өмір жолын өнермен байланыстырып, профильдік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырады», – дейді театр ұстазы Бақытжан Ембергенов.


Кішкентай тәрбиеленушілердің бірі Мәдина Омарованың актриса мамандығына құштарлығы театр үйірмесін таңдауына себепкер болған. «Қыркүйек айынан бастап театр үйірмесіне қатысып жүрмін. Мұнда түрлі жаттығулар орындаймыз. Сондай-ақ, жылдамдыққа оқыған ұнайды, спектакльдер қоямыз», – деді ол.


Біз көрген келесі студия – «Көрнекті өнер және мүсін» студиясы.

Қиялы жүйрік балалар өз идеяларын қылқаламның көмегімен параққа түсіреді. Ал ересек оқушылар мамандандырылған «Дизайн мектебі»  үйірмесіне қатысады. Онда көркемдік тарихты, стильді, интерьер дизайны мен киім жанрларын зерттейді.


Біз қонақта болған «Бәйтерек» ансамблі хореографтардың бірнеше буынын дайындаған. Бірақ өзгеріссіз қалатын бір нәрсе бар: мұғалімдердің жоғары талабы мен жас бишілердің таланты.


«Бәйтерек» ансамблінің репертуары ауқымды әрі әртүрлі. Хореографияның негізі – классикалық би. Біздің репертуарымыз негізінен қазақтың халық билерінен тұрады. Біз сондай-ақ, концерттік іс-шараларға белсенділікпен атсалысамыз, республикадан тыс жерлерге де шығамыз. Біздің ансамбльдің құрамында 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бар», – дейді топ жетекшісі Лариса Гражданова.


Қолданбалы өнердің келесі үйірмесі – ағаш кесу.


Үйірме жетекшісі Руслан Жүнісовтың айтуынша, ағаш, сүйек кесу, мүсін өнерінің танылып келе жатқанына көп бола қойған жоқ. Сондықтан сабақтың негізгі мақсаты – көне өнер түрлерін насихаттау. 


«Мен ағаш кесуды таңдадым. Бізде көрмелер жиі өтіп тұрады. Сондай-ақ, қызықты және әдемі бұйымдарды жасау үшін күрделі заттарды кескенді ұнатамын», – деді үйірменің түлегі Батырхан Төреков.


Теориялық және практикалық сабақтардан басқа, мәдениет орталықтар және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмелеріне баруға да уақыт бөлінеді.  Сондай-ақ, оқушылар сарайында ерекше қажеттілікті талап ететін клубтар бар. Олар оқу үдерісіне құрдастарымен тең дәрежеде қатысады.


«Біз ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша барлық үйірмелерге орын ұсынамыз. Негізінен оқушылар ағаш кесу, қағаз қиял сынды үйірмелерге қатысады. Мұндай сабақтар оқушылардың моторикасын дамытуға септігін тигізеді. Тірек-қимыл жүйесінің дұрыс қалыптасуы үшін жүзу үйірмесі бар. Балалар жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр», – деді Оқушылар сарайында тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Алмагүл Жапарова.

Оқушылар сарайы бұрынғы оқушыларымен де тығыз байланыста. Олар демалыс, мереке күндері келіп тұрады немесе өз балаларын үйірмелерге алып келеді. Оқушылар сарайы өз түлектерін мақтан тұтады. Үйірмелер көптеген адамдарға өмір жолын анықтауға, мамандық таңдауға көмектеседі. Түлектер арасында саясаткерлер, ғалымдар, журналистер, әншілер, суретшілер, музыканттар және табысты бизнесмендер бар. Олардың көпшілігінің Қазақстанға аты танымал. Санжар Рахимов – М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері.  Павел Казанцев – VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Төлеген Мұхтар – каратэ-до бойынша әлем чемпионы.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz