Астанадағы қыс: коммуналдық қызметшілердің бір күні

Қыс келді, демек көшелер, даңғылдар, жолдар мен тротуарларды қар мен мұз басады. Көмекке «тазалықты сақтаушылар» келеді. Астана әкімдігі сайтының тілшісі қала тазалығына жауапты адамдармен бір күнін өткізді.


Коммуналшылардың жұмыс күні таңғы сағат 6-да басталады. Жұмысшылар екі ауысымда шығады. Бірі сағат 6:00-ден 15:00-дейін, екіншісі сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмысшыларды үйінен жұмысқа дейін және қайтадан апарып тастайтын арнайы қызметтік тасымалдау ұйымдастырылған. Егер қалада тұратын болса, олар күндіз үйлеріне өздері қайтады. «Астана Тазалық» ЖШС-де негізінен 45 пен 55 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер еңбек етеді. 


 «Әрбір аудан көше орамдарына бөлінген. Орамдағы жолдардың өткізу қабілеті мен қысқы маусымдағы бір учаскеде қардың қаншалықты жаууына байланысты кем дегенде 4 адам шығуы мүмкін. Біздің Сарыарқа ауданында 5 бригада жұмыс істейді. Осыған орай көше мен даңғылдардың 5 айналымын тазалайды. Алдымен қарды машиналар тазалайды, тротуарларды сыпырып әкетеді. Содан соң адамдар КамАЗға арту үшін қарды бір жерге күреп жинайды. Әрбір көлік 7 текше метр қарды тасып шығарады. Жол төсемдерін тазалайтын көліктердің рейсін патрульдік машина сүйемелдеп алып жүреді», - деді Сарыарқа ауданының «Астана Тазалық» қолмен жинау бойынша учаскенің бастығы Раис Құрамшин.


Көлік толған соң ол қардың қалдығын төгіп келу үшін жоспарлы рейсті жасап келеді. Сәуір-мамырға дейін жатқан қардың қалдығы еріп, қалған қалдығы қалалық қоқысқа тасылады. Аудандағы маусымдық қалдық орны мекен-жайын ауыстырғанын айта кетейік. Қазір ол Талапкер жақтағы Астрахань тас жолы маңайында орналасқан.


Қоқыс тастайтын жерге келген әрбір жүргізуші будкадағы кезекшіге келіп белгіленіп кетуі тиіс. Арнайы есептейтін машина арқылы оның әрбір рейсі есепке алынады. Жол парағына уақыты, күні, көліктің номері жазылады. Ары қарай рейс журналға жазылып қойылады. Сосын көлік қарды түсіруге барады.


«Біздің жұмысымыз – маусымдық жұмыс. Оның көлемі қардың көп жауғанына байланысты. Осы күндері қар жауып тұрды, күніне 5-7 рейс қар тасыдым. Кейде қар қалың жауса, одан да көп рейс тасымалдаймыз», - деді жүргізушілердің бірі тілшіге. 


Ары қарай қарды түсіріп жатты. «КамАЗдар» кезекпен текше метр қарды төксе, ал жүк артушы көп орын алмас үшін қарды сыпырып жинап жатты. Ауысымнан кейін әрбір аудан жиналған қар, техника, елорда көшелерін тазалауға шыққан жұмысшылардың саны туралы мәліметті жолдайды.

 «Бізде тек қана компания қызметкерлері ғана емес, ұсақ бұзушылықтары үшін жазасын еңбекпен өтеушілер де жұмысқа шығады. Алғашында олар бұл жұмысқа салғырт бей-жай қараса, «еңбек терапиясынан» кейін қала көшелеріндегі тазалықты сақтап тұратын адамдардың еңбегін бағалай бастайды», - деп түйіндеді Раис Құрамшин.


Қазіргідей қарбалас заманда жұмыс күндері коммуналдық қызметкерлердің еңбегін елемеуі де мүмкін,  елорда көшелерін тазалауға кедергі келтіріп, жол берместен, тіпті дөрекілік танытып, күш қолданатындар да жоқ емес. Ендеше адамдардың тырмысып жасап жатқан еңбегін бағаласақ, қаладағы даңғылдар да уақтылы тазартылып тұрар еді. Ал адамдардың бір біріне деген өзара сыйластығы мен құрметі әрбір мамандық иесіне шыдам мен мәдениетті тереңнен сіңіре түспек.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz