Көршілермен жаңа үйге

«Автоматика» шағын ауданындағы ескі үйдің тұрғындары жаңа үйге көшіп, қоныс тойын тойлауда. 

Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшісі су жаңа үй иелерінің қуанышын бөлісіп қайтты.  

 «Автоматика» шағын ауданындағы № 6 үйдің жағдайы өте нашар. Тұрғындар кірпіші біртіндеп құлап жатқан үйде тұрды, онда 25 жыл не жылу, не ыстық су болмаған. Осы үй орналасқан ауданға жалғыз автобус қатынайды. Сол себепті тұрғындар үйіне кешкілік тек таксимен жететін.

Ал бүгін апатты үйдің тұрғындары жаңа аудандағы жаңа үйге көшіп қоныс тойын тойлауда. Орталық жылу мен орталық ыстық сумен қамтылудың рақатын тұрғындар енді сезініп жатыр.

Жаңа үйден баспана алған қуанышты тұрғындардың бірі – Анна Мелконян. Ол бұрынғы үйде көрген қиыншылықтары туралы былай дейді: «Ол үйде жағдай мүлде болған жоқ. Орталық жылуға қосылусыз адамдар 25 жыл тұрды. Кәріз жүйелері тозғаны соншалықты бәрі жертөлеге кетіп жатты. Үй қабырғалары түсіп жатты. Онда өмір сүру мүмкін емес еді. Үйдің жанынан өтудің өзі көңілге қаяу түсеретін. Үй қап-қара, айналасының бәрі құбырлар», - деп еске алады әжей. Сол себепті де Анна Александрқызы қыс мезгілінің көп уақытын бақшада өткізуге тырысатын.  Енді ол бақшада тек қонақ болатынын айтады.  


Сол себепті де Анна Александрқызы қыс мезгілінің көп уақытын бақшада өткізуге тырысатын.  Енді ол бақшада тек қонақ болатынын айтады.  

«Менің қуанышым қойныма сыймай тұр. Менің жолдасым армян ұлтынан, маған армяндардың «шноракалуцюн» - «шын көңіліммен қуаныштымын, разымын» деген ризашылық сөзі ұнайды. Енді осындай әдемі, жылы пәтерде өмір сүріп жатқаныма қуанып отырмын.  Халық үшін осындай бағдарлама әзірлеп, ескі үйден көшіргендері үшін барлығына, Президентке де, Үкіметке де разымын! Бар ақ пейіл-ниетіммен, көңіліммен жақсылық тілеймін», - дейді Анна Мелконян.

Зейнеткердің ескі пәтері жаңасынан 11 шаршы метрге кіші болған. Ал жаңа пәтерінде екі көшеге қарайтын екі үлкен балконы бар. Қазір отбасы жаңа үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз алуда.

«Жолдасымның туыстары Арменияда тұрады. Сіз көрсеңіз ғой, олардың қалай қуанғанын. Қуанғаннан олардың көздеріне жас келді», дейді Анна Александрқызы.


Жаңа үйдің қолайлылығы туралы осы үйдің тағы бір тұрғыны Ольга Орловская айтып берді.

«Маған осы аудан ұнайды. Бір ғана аялдамадан 15 автобус жүреді. Ал ондай аялдамалар осы маңда бірнешеу. «Автоматикада» тек бір ғана 24-ші автобус жүрген еді. Ал түнде тек таксимен жетесіз. Оның өзінде барлық таксистер бара бермейтін ол жаққа. Мына жерде дүкен көп, бұрынғы үйде тек бір ғана дүкен болған еді», деп есіне алды О. Орловская.

«Автоматикадан» жаңа үйге көшіп келгендер өздерінің көршілері де сол ескі үйдегі көршілері болғанын қалайды. «Біз тұратын үйде барлығы сол «Автоматикадан» көшіп келгендер тұрады. Жаңа көршілерге үйренісіп керек емес. Ескі үйде әжеміз басқа подъезде тұрды, ал жаңа үйде ол біз тұратын подъездің екінші қабатында тұрады. Қазір далаға шығып керек емес, екінші қабатқа түссем әжемнің үйіндемін. Көршілер бұрынғы, ал үйіміз жаңа!», дейді Ольга.

№ 6 ескі үй тұрғындары Е-16, Ш. Айтматов және Қарасай батыр көшелеріндегі жаңа үйлерден 17 үш бөлмелі, 13 екі бөлмелі және 9 бір бөлмелі пәтер алған.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz