Ауруларды қабылдау бөлмесіндегі дәрігердің бір күні

№ 2 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері күніне 400-ден 600-ге дейін пациент қабылдайды. Олардың жасы да, денсаулық жағдайы әр түрлі. Оларға медициналық көмекке 18 жасқа дейінгі балалар келіп жүгінеді. 


Мұнда дене қызуы жоғары, түрлі жарақат алған, іші ауырған және басқа да ауруларға шалдыққан балаларды әкеледі. Біз көзімізше дәрігер мұрнына бөгде кіріп кеткен баланы қабылдады. Лор-дәрігер аз ғана секундтың ішінде мұрнынан моншақты алып шықты. Сәлден кейін көзінде жарасы бар қызды алып келді. Дәл сол сәтте саусағы сынған бала келіп түссе, бірер минуттан кейін құйымшағынан жарақат алған қыз келіп түсті... Осылай түн ортасына дейін жалғасты. 


Дәрігерлер пациенттер көбіне кешкі сағат 20:00-ден таңға дейін ағылатынын айтты. Себебі, дәл осы аралықта созылмалы аурулардың асқынады. Ата-аналар жұмыстан келген соң ған, баласының денсаулығы сыр бере бастағанын байқайды.


Ауруханадағы шұғыл хирургиялық қабылдау бөлмесі мен тәулік бойы жұмыс істейтін травматологиялық пункттің қызмет көрсетуі әбігерліктен арылуға көмектеседі. Шұғыл хирургиялық қабылдау бөлмесінде хирург, ЛОР, офтальмолог, педиатр, стоматолог отырады. Травматологиялық пункте жақ-бет сүйегі хирургі, нейрохирург, травматолог қабылдайды.


Науқастарды қабылдайтын бөлім медициналық сұрыптаудың триаж-жүйесі негізінде жұмыс істейді. Арнайы оқытылған триаж-медбике науқастар кірген бойда оларды шағымына немесе аурудың күрделілігіне қарай үш топқа бөліп, оларға қызыл, сары, жасыл түсті карточкаларды береді.


«Қызыл түс пациенттің жағдайы хал үстінде екенін, оған жедел медициналық көмектің қажет екендігін білдіреді. Сары түс тұрақты пациенттерге беріледі. Оларды дәрігер 15 минуттың ішінде қарайды. Жасыл түс пациентке қалыпты жағдайда беріледі. Мұндай пациенттерді дәрігер 30 минуттың ішінде қарап шығады», - деді дәрігер-травматолог, ортопед Олжас Байназаров.  


Келетін балалардың тек 5-10%  стационарға жатқызылады.

«Біз ата-аналарға да, балаларға да диагностикалық және емдік қандай шараларды жүргізетініміз туралы айтып, оларды қалай  жүргізетінімізді түсіндіреміз. Бұл алаңдап тұрған ата-аналарды тыныштандырады», - деді дәрігер.


Қажет болған жағдайда балалар қосымша тексерістен өтуге жіберіледі. Бірақ алысқа барудың қажеті жоқ. Осындағы науқастарды қабылдау бөлімінде рентген-кабинет, ультрадыбыстық диагностикалық кабинет пен экспресс-зертхана тәулік бойы жұмыс істейді.

Жол-көлік апатына түскендер, биіктен құлап кеткендер пациенттердің барлығы да «қызыл» сызықтың бойымен бірден жансақтау бөліміне жеткізіледі. Мұнда дәрігер-реаниматолог, хирург, травматолог, бет-жақ хирургтер тобы ауыр науқастың жағдайын объективті түрде бағалап, қажет жағдайда реанимациялық шараларды қолға алады. Ол үшін мұнда барлық қажетті құрал-жабдықтар мен препараттар қарастырылған.


Осы жылдың ноу-хауы – ПАК-жүйенің енгізілуі, яғни барлық түсірілімдер оның ішінде рентген-түсірілім, УЗИ дерегі, МРТ және КТ бұрынғыдай пленкаға басылып шығарылмай, дискетке аударылмай, бірден тікелей Интернет желісі арқылы дәрігерге жолданады. Барлық мәлімет пациенттің электронды денсаулық құжатындағы кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне енгізіледі. 

«Бұл жүйенің тиімді жақтары өте көп. Біріншіден, жеделдігі. Ауруларды қабылдау бөлімінде уақыт үлкен  маңызға ие. Дәрігер пациенттің денсаулығына қатысты аз уақыттың ішінде шешім қабылдауы тиіс, яғни шұғыл жағдайды, жедел хирургиялық араласуды айтпағанның өзінде. Екіншіден – мәліметтер ешқайда жоғалып кетпей, дәрігердің қарап шығуы үшін әрдайым қолжетімді. Барлық талдаудың қорытындысы, түсірілімдер, емдеу алгоритмі пациенттің электронды форматтағы денсаулық құжатында сақтаулы тұрады. Оны алдағы уақытта шығарғаннан кейін де дәрігер мекенжайы бойынша пациенттің емделу барысын тиімді бақылап, оның оңалып шығуының схемасын түзеді», - деп түйіндеді Олжас Байназаров.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz