Құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін ескеруге шақырады

Температураның құбылмалы болуы мен жылымық тұрғындарға айтарлықтай қауіп төндіреді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.




Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен «Орталық өңірлік жедел құтқару жасағы» ММ бірлесе отырып, «Қауіпсіз мұз» атты жылжымалы брифинг өткізді.


Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың судан ажал құшуын болдырмау мақсатында алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Әсіресе, мұзға жиі қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті. Айта кетейік, адам үшін мұзды суда өмірімен күресу қиын әрі қауіпті. Ондай сәтте минут емес, секунд бағалы.


«Жыл сайын жұқа мұз бірнеше адамның өліміне себепкер болады. Көбінесе ата-анасының қарауынсыз мұздың үстіне ойынауға шығатын балалар мен жұқа мұздың үстіне шығып, тәуекелге баратын балықшылар құрбан болады», – дейді ТЖД ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдар бөлімінің басшысы  Эльдор Райымбеков.


Сонымен қатар, аудандық бөлімшелердің қызметкерлері мен ЖПҚ бірлесе отырып, балық аулау учаскелерінде рейдтік іс-шараларды жүргізді. Қалалық балық аулау және аңшылық дүкендерінде де алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Келушілерге балық және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.

Есіл өзенінің ең қауіпті аумақтарында мұзға шығуға тыйым салынатындығын білдіретін 36 белгі қойылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы еске салады. Мұз үстінде жүргенде мұздың жұқа әрі қатпаған аумақтарына шығуға, топ болып жиналуға, қараңғыда мұзға шықпауға, сондай-ақ от жағуға тыйым салынады. Балық аулау кезінде құтқару жабдықтарын (шеңберлер, желетке, кеудешелер) ұмытпау қажет.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz