Жұмысқа ештеңе кедергі келтіре алмас

Байқоңыр ауданында 216 көше бар. Бұл көшелерде тазалық жұмыстарының қалай жүргізілетіндігін елорда әкімдігі сайтының тілшісі өз көзімен көріп қайтты.              

Байқоңыр ауданында қар тазалау жұмыстарын 16 мердігер ұйым жүргізеді. Көше жұмыстарына механикаландырылған техниканың 179 бірлігі тартылса, Республика, Бөгенбай батыр даңғылдары мен Абай, Кеңесары, Кравцов, Уәлиханов көшелерін қоса есептегенде, ауданның 216 көшесі мен даңғылының бойын қардан тазартуға 272 жұмыскер шығады.

Ауданның тазалық жұмыстарына жауап беретін компаниялардың бірі – «Астана Тазалық» ЖШС. Сейсенбіде мердігер мамандандырылған техниканың 79 бірлігін пайдаланды. Олар: автогрейдерлер, қар тиегіш, жүк машинасы және құм себетін техника.

Сондай-ақ, бұл аудандағы қардан тазарту шараларына мердігер ұйым – «Астана Транссервис-2010» ЖШС де қатысады. Оның құрамында мамандандырылған техниканың 67 бірлігі бар (жүк түсіргештер – 35, фронталды жүк тиегіштер – 6, ас-машиналар -6, сыпыратын машиналар – 14, құм сепкіштер – 2, автогрейдерлер – 4).


Шеткі көшелердегі тазалықты «ТурБек Астана» ЖШС-нің 35 жол жұмыскері мен арнайы техникасының 31 бірлігі қамтамасыз етеді.

«Өндіріс» ТА мен «Кирпичный» секторын қардан тазалау жұмыстарына осы ұйым жауапты. Ал «Зерен и К» ЖШС ескі базар ауданы мен «Қазқалашық» секторын қардан тазартады. Жұмылдырылатын техниканың саны –  30 бірлік.


Бүгін біз жол жұмыскерлерімен бірге Сембинов көшесін тазалау жұмыстарына қатыстық. Мұнда бригада таңертеңгілік және кешкі ауысымда жұмыс істейді. Қар таситын көліктер мен КамАЗдар қарды жинастырған соң,  сыпыру техникалары іске кіріседі.

«Күндізгі уақытта автокөліктердің кептелісі мен жол учаскесінде қозғалысқа байланысты қар тазарту техникалары азайтылады», – деді Байқоңыр ауданы «Астана Тазалық» ЖШС кезекші шебері Бауыржан Байболов.


Сондай-ақ, қызметкерлер саябақ, зираттар аумағын және аулаларды жинастырады. Аулаларды жеке мердігер ұйымдар тазартады. Сонымен қатар, қолмен тазалау жұмыстары екі ауысымда жүзеге асырылады. Ал жауын-шашын күшейген сәтте коммуналдық қызметтердің жұмысы қызады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz