Астаналықтарға бірегей мүсіндер орнату орындарын таңдау ұсынылды

Астаналықтарға бірегей мүсіндер орнату орындарын таңдау ұсынылды

Басқа да жаңадан мүсіндер орнату орындарын қала тұрғындары да ұсына алады. Ол үшін «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбектің ресми Facebook парақшасына жазба қалдырсаңыздар болады.

«Бұлар менің сүйікті кейіпкерлерім, мен бұл мультфильмдерді екінші сынып оқып жүргенде көргенмін, қазір бесінші сыныпта оқимын. Оларды көргенде менің көңілім көтеріледі. Тағы да басқа танымал мультфильм кейіпкерлері пайда болса екен деймін», - дейді қаламыздың бала тұрғыны Станислав Цой.

Ал Бейбітшілік көшесі бойында қазірдің өзінде балалардың сүйікті мультфилмдерінен алынған кейіпкерлер орналасқан, оларға сүйсінбеу және олармен бірге фотоға түспеу мүмкін емес.

Сарыарқа ауданының бас даңғылдарының бірінде ерекше мүсіндер пайда болды. Ауданның бас көпірінде салт аттылар мүсіні орнатылса, ал даңғыл болса толығымен ұлттық нақыштағы архитектуралық мүсіндермен безендірілген.

Осы жазда Астана жаңа бірегей мүсіндермен көмкеріледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz