Астанада жазғы жарыс маусымы ресми түрде ашылды

8

Айта кетейік, бүгін автоәуесқойлар арасындағы жарыс күні бойы Орталық саябақ (Қалалық сағат) аумағында өтеді.

«Жыл сайын өтетін автоәуесқойлар іс-шарасына еліміздің барлық қаласынан келіп қатысады. Биыл біздің мереке Астананың 20 жылдығымен орайласып отыр. Кез келген жарыс пен бәйгені біз заң шеңберінде қатаң, арнайы белгіленген орындарда ғана өткіземіз. Осы жазда жоспарымыз бойынша тайм-шабуыл, дрифт және тағы басқа жарыс түрлерін өткізгелі отырмыз», – деді Астана автомотоспорт федерациясының президенті Анатолий Бондарь.

Астанадағы маусымның ашылуы «Біз жолдардағы қауіпсіз қозғалыс үшін», «Астана қаласы – ҚР астанасының 20 жылдығы» және «Астана – есірткісіз қала» акциялары аясында өтіп жатыр. Барлық келушілер автомобиль көрмесі мен арнайы шоуды көре алады. Мәселен, көрермендер ең әдемі байк пен гүрілі әдемі көлікті таңдасады. Автоәуесқойлар арасында бұдан өзге де жарыстың түрлері қарастырылған.

«Мен мұнда өзімнің жақын туыстарыммен және достарыммен келдім, оларды жарыста қолдап әрі көлігімді де көрсете кетейін дедім. Онымен қыс бойы жұмыс жасадым, енді темір тұлпарымды көрсететін кез келді. Осы жазға үлкен жоспарым бар», – деді автоәуесқой.

Павел Ситников жарысқа «ВАЗ 2106» кеңес жигулиімен келген. Бірақ, машина ескі сәннен қалғандай болып көрінбейді, керісінше оның әрбір деталіне дем беріп, түлете түскен.

Түрлі-түсті және түрлі талғамдағы тізілген көліктерге қарап, автомобильдің әуесқойлар үшін тек қозғалыс құралы ғана емес, олардың өмірінің бөлшегі екенін бірден аңғаруға болады. Мұнда суперзаманауи, тюнингті, жылдамдыққа бейім автолар мен раритетті көліктер де орын тапқан.

Жылдамдық пен автосүйер қауым бүгін жазғы жарыс маусымын ашық деп жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz