Аңыз бен тарих тоғысқанда

ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде суретші, этнограф-қарутанушы Қалиолла Ахметжанның көрмесі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Қалиолла Ахметжан – қазақтың дәстүрлі қаруының тарихын зерттеп жүрген еліміздің танымал мамандарының бірі. Көптеген тарихшылар, дәстүрлі кәсіп шеберлері, кино және театр суретшілері оның зерттеулеріне сүйенеді. 


Әскери-тарихи музейде ұйымдастырылған «Аңыз. Эпос. Тарих» көрмесінде суретші әрі ғалымның жартығасырлық еңбектері ұсынылған. Мұнда жүзге тарта этнографиялық суреттерді, сызбаларды, қолжазбаларды, кітап иллюстрацияларын, көркем картиналарды көруге болады. 


Экспонаттардың ең құндылары – біздің заманымызға дейінгі V-III ғасырда өмір сүрген сақ жауынгерінің, біздің заманымыздың V–VIII ғасырында өмір сүрген көне түрік жауынгерінің, XIX ғасырдағы қазақ жауынгерінің қару-жарақтарының толық жиынтықтары. Қалиолла Ахметжанның нобайымен қалпына келтірілген жәдігерлер бедерленген былғары, жез, киіз, кестеден жасалған. Қалқандар былғарыдан қапталса, қорамсақ иленген қабықтан жасалған...

Қалиолла Ахметжанның тарихқа деген сүйіспеншілігі бала күнінен бастап оянған. Оның ағасы тарихшы болып жұмыс істеген екен. Олардың үйінде тарих пәнінен кітаптар  бар. Көркем сурет саласында да оған тарихи тақырыптар  шабыт бере түседі екен. «Мен біздің халықтың тарихын зерттеп, оған өз туындыларымды арнағым келді», - дейді суретші-этнограф.


Өзінің этнографиялық ізденістерін Қалиолла Ахметжан  өткен ғасырдың 70-ші жылдары Репин атындағы Ленинград көркем сурет, мүсін және архитектура институтының студенті болған кезінде бастаған болатын.

«Ленинградтағы оқу үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Онда мұрасы бай музейлер, кітапханалар, кітап дүкендері көп. Мен букинистерге барып, тарихтан ескі кітаптарды жинадым», - деп әңгімеледі зерттеуші. Жұмыс барысында оған көшпелі халықтардың әскери өнерінің әлемі есігін ашады.


«Кеңес үкіметі тұсында бізге көшпелілердің ешқандай қару-жарағының, дамыған технологияларының болмады деп үйретті. Бірақ, мен мұрағаттарды, музей қорларын зерттей бастағанымда, керісінше, көшпелілердің қару-жарағының көп екендегіне көз жеткіздім. Сол уақытта ресейлік Горелик, Худяков, Соловьев сияқты ғалымдар да археологиялық зерттеулер жүргізіп, орта ғасырларда өмір сүрген көшпелі халықтары қолданған қару-жарақ түрлерінің көп екендігі дәлелденген еді. Бұл ретте Михаил Викторович Гореликтің еңбектері аса құнды екендігін айту керек. Ол археологиялық материалдардан бөлек, өз еңбектерінде алғаш рет бейнелеу өнерінің ескерткіштерін қолдана бастады. Мен үшін сол жақын. Мен өз еңбектерімде петроглифтер, ортағасырлық шығысты миниатюраларды, балбалдарды үнемі қолданамын», - дейді Ахметжан.

Қалиолла Ахметжан бірнеше жыл қатарынан Алматыдағы орталық мемлекеттік музейде жұмыс істеді. Ол музейдегі қазақ халқы, басқа да көшпелі халықтар қолданған қару-жарақтардың топтамасын зерттеді. Ол бұл жылдардағы жұмыстың қызықты болғандығын тілге тиек етіп, маңызды жаңалықтарға толы болағндығын айтты.

«Мысалы, мен музей қорында Арыстан сұлтанның жарақтарын таптым. Ол туралы ғылыми мақала жаздым. Қазір сауыт Орталық музейдің көрмесіне қойылған. Арыстан сұлтанның сауытын, қалқанын, найзасын ұшын таптым. Бұл жәдігерлерді музейге Арыстан сұлтанның ұрпақтары берген болатын. Оларды бұған дейін ешкім зерттемеп еді. Сол сияқты жәдігерлердің саны көп. Атап айтқанда, Жауғаш батырдың сауыты, Жанқожа батырдың қылышы мемориалды заттар бар. Олар көп жылдар бойы музей өорында жатқан болатын. Алайда, олардың қандай зат екендігін анықтай алатын маман, қарутанушы болған жоқ.  Сауыт оюлары бар қарпайым тақтай сияқты сөрелерде жатты. Ешкім де оның не екен білген жоқ. Мен атрибуция арқылы заттың қай заманда жасалғанын анықтап, сол заттар туралы мақала жаздым, ғылыми айналымға енгіздім»,- деді ғалым.


Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, ҚР мәдениет қайраткері Қалиолла Ахметжан қазақ халқының қару-жарақтары, әскери салты мен әскери өнері туралы төрт монографияны жарыққа шығарды. Бұл ғылыми жұмыстарды да «Аңыз. Эпос. Тарих» көрмесінде көруге болады.


Келушілер назарына сондай-ақ, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу сияқты эпос жырларының кейіпкерлері бейнеленген картиналар қойылған. Картиналарда қос ғашық сақ дәуірі кезеңінің киімдерін киген.


Айта кетейік, көрме 25 наурызға дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz