Қыстың қызығы – ақ қала

Есу арнасының бойында ерекше мұз қалашық пайда болды. 


Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшісі қала тұрғындарының көңіл-күйін біліп, балалыққа саяхаттап қайтты.

Мұз қалашықта қонақтарды ит жеккен мұз шана мен эскимостардың мұздан жасалған үйшігі қарсы алады. 


Мұздан соққан мүсіндердің жанында қала тұрғындары мен қонақтары естелікке фотоға түсіп, мәз-мейрам.


Қонақтарды теңіз мекендеушілері пингвин, морждар, полярлық ақ аюлар, тіпті киттер де қарсы алады. 


-

Бұл жерде, әсіресе кешкілік шамдар жанған кезде әдемі.


Бұл қысқы сұлулықты коньки мен тюбингті жалға беру толықтыра түседі. 

Барлығы қолжетімді бағада. Жанында ыстық шай ішіп бой жылытуға арналған жайлы дәмхана орналасқан.

Қазір оқушыларда қысқы демалыс болған соң, балалар сырғанық теуіп, қалашықтың көркін келтіріп, қызығын көруде. Олар үшін хоккей, тюбинг тебу, арқан тарту сияқты қызықты жарыс ойындар ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың ойынша балалардың таза ауада ойын ойнап қыстың қызығын көруі тек балалықтың қызықты естелігі емес, денсаулыққа да пайдалы.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz