Нұр-Сұлтандағы оқиғалар

Сүзгіні кеңейтіңіз

Қала шаралары

Хоккей жанкүйерлерінің назарына! Бүгін, 14 наурыз «Барыс» - «Авангард» командалары арасында өтетін хоккей матчына арнайы Shuttle автобустары ұйымдастырылады. Жиналу нүктелері - «Қазақстан» СК тұрағы және Қанжығала Бөгенбай батыр ескерткіші алдындағы тұрақ (Бөгенбай – Сарыарқа қиылысы); Автобустардың жүру уақыты - 18:30 сағ. Жеткізу орны - «Барыс - Арена» СК; Арнайы шаттл автобустарындағы жол жүру құны қоғамдық көліктегідей (90/180 картамен/қолма-қол төлем) Жігіттерге жеңіс тілейміз!

Себеп: Қалалық іс-шара

Басталуы: 14.03.2019 г. 18:30 ч.
Аяқталуы: 14.03.2019 г. 20:00 ч.

Жоспарлы жұмыстар

Д=300мм теплотрассында бөгеттерді анықтау бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты ЫСҚ және жылыту жүйесін беру келесі мекенжайларда тоқтатылады : Қорғалжын тас жолы 3,3 б, Ақын Сара к-сі 3,5,7,9,11,13,19,21,23,23а, 25 к-сі, Акжуніс 6,8,11,12,13,14,15,16,17,19,25,27 к-сі, Тұмар ханым 4, к-сі Ақбаян 30,32.

Себеп: Жоспарлы жұмыстар

Басталуы: 14.03.2019 г. 09:00 ч.
Аяқталуы: 14.03.2019 г. 17:30 ч.

Ауа-райының ахуалы

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15 наурызда таңертең және күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Себеп: Дауылды ескерту

Басталуы: 13.03.2019 г. 15:00 ч.
Аяқталуы: 15.03.2019 г. 22:00 ч.

Ауа-райының ахуалы

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15 наурызда таңертең және күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қатты жел болған кезде: - мүмкіндігінше ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн; - көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз; -пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр; - жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; - орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз. - құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Себеп: Дауылды ескерту

Басталуы: 13.03.2019 г. 15:00 ч.
Аяқталуы: 15.03.2019 г. 22:00 ч.

Апатты жұмыстар

13.03.2019ж. сағ.14-30-дан жойылғанға дейін Д=150мм су құбырында апатты жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келесі мекенжайлар бойынша су беру тоқтатылды: Тәшенов тұйық к-сі 6, 17/1, 19, 23, Балқашинский, Есіл, Макинский, Ақкент тұйық к-рі , Тәшенов тұйық к-сі 4-зағиптар қоғамы.

Себеп: Апатты ажырату

Басталуы: 13.03.2019 г. 14:30 ч.
Аяқталуы: 13.03.2019 г. 16:00 ч.

Жоспарлы жұмыстар

РП-9-да электрмен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар. 3-ТП-2172, жұмыс түрі: РЛНД ауыстыру үшін ажырату

  • Аудан переулок Боровской,
  • Аудан переулок Петропавловский,
  • Аудан улица Лунина,
  • Аудан улица Таскудык,
  • Аудан улица Ынталы,
  • Аудан улица Кеншилер,
  • Аудан улица Кентау,
  • Аудан улица Акшагыл,
  • Аудан переулок Елек,
  • Аудан улица Ондирис,
  • Аудан поселок Автоматика,

Себеп: Жоспарлы жұмыстар

Басталуы: 13.03.2019 г. 10:30 ч.
Аяқталуы: 13.03.2019 г. 16:30 ч.

Жоспарлы жұмыстар

Байтұрсынов көшесі 39 бойынша жылумен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар, жұмыс түрі: Д=250мм жылу трассасының шар кранын кесу.

  • Аудан улица Ахмета Байтурсынова, 39

Себеп: Жоспарлы жұмыстар

Басталуы: 13.03.2019 г. 09:00 ч.
Аяқталуы: 13.03.2019 г. 16:00 ч.

Қоғамдық көлік жөніндегі ақпарат

2019 жылдың 12 наурызда сағат 17:00-ден бастап № 302, 303 және 320 бағдарлардың қозғалысы «Лесная поляна» тұрғын үй алабын су басуына байланысты өзгертіледі. Бағдарлардың қозғалысы Республика даңғылы бойынша тұрғын үй алабына кірмей жүзеге асырылады.

Себеп: Автобустар қозғалысы

Басталуы: 12.03.2019 г. 17:00 ч.
Аяқталуы: 14.03.2019 г. 19:00 ч.

Қоғамдық көлік жөніндегі ақпарат

нді Altel және Tele2 абоненттері SMS арқылы жол ақысын төлей алады. Егер бұрын SMS төлем арқылы жол жүру тек Activ/Kcell, Beeline абоненттері үшін қол жетімді болса, енді жолаушыларға ыңғайлы болу үшін біз байланыс операторларының тізімін кеңейттік. Енді Altel және Tele2 абоненттері SMSBUS қызметін пайдалана алады. Естеріңізге сала кетейік, SMS арқылы жол жүру үшін 2505 қысқа нөміріне автобустың кодын жіберу керек. Автобустың кодын автобустың салонындағы жапсырмалардан таба аласыз. Сіздің телефоныңызға электронды чекпен SMS келеді. Жол жүру құны Астана қаласының қоғамдық көліктері үшін бекітілген қала тарифіне сәйкес келеді және 90 теңгені құрайды.

Себеп: Өзге ақпарат

Басталуы: 11.03.2019 г. 17:30 ч.
Аяқталуы: 12.03.2019 г. 15:00 ч.

Қала шаралары

Астана қаласының әкімдігі Жер комиссиясының кезекті отырысы 2019 жылдың 14 наурызында сағ. 8:30-де болатындығын хабарлайды. Таралымның жазбасын «Онлайн таралымы» бөлімінде көруге болады.

Себеп: Жер комиссиясының отырысы

Басталуы: 11.03.2019 г. 11:00 ч.
Аяқталуы: 14.03.2019 г. 08:30 ч.