2682

28.06.2018 жылғы № 503-1230 Қаулы

Астана қаласы бойынша қалалық
және қала маңы қатынастарында
жолаушылар мен багажды
тұрақты автомобиль көлігімен
тасымалдау тарифтерінің
кейбір мәселелері туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2018 жылдың 9 шілдесінде № 1181 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф электрондық жүйе арқылы төлеу кезінде мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

1) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 90 (тоқсан) теңге;

2) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 180 (бір жүз сексен) теңге;

3) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға –
90 (тоқсан) теңге;

4) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста – бір километр үшін 8 (сегіз) теңге;

5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 180 (бір жүз сексен) теңге;

6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 250 (екі жүз елу) теңге;

7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 180 (бір жүз сексен) теңге;

8) қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде –
бір километр үшін 11 (он бір) теңге 50 тиын.

2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүру құқығына ие болады.

3. Мыналардың:

1) «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 956 болып тіркелген, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде 2015 жылғы 24 қазанда жарияланған);

2) «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы  31 мамырдағы № 108-1100 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 болып тіркелген, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде 2016 жылғы 28 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі      Ә. Исекешев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109