1372

23.01.2019 ж. № 106-101 қаулы

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық

балалар жұқпалы аурулар ауруханасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 45-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы     23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 1-тармағына, азақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 130-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» № 284 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
  2. «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Кәсіпорынның уәкілетті органы болып белгіленсін.
  3. Кәсіпорынның Жарғысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Басқарма осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
  5. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Кәсіпорынды тапсыру актісін бекітсін.
  6. Кәсіпорын басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

 

Астана қаласының әкімі                                                            Б. Сұлтанов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109