159

19.03.2019 ж. № 510-409 қаулы

Мемлекет мұқтажы үшiн жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару (сатып алу) туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы»  2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру және жапсарластыра салынған орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын кешенін жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Р. Қошқарбаев даңғылы мен А 104 көшенің (жобалық атауы) қиылысы ауданында орналасқан, жалпы ауданы 1,1999 га жер учаскесі 2019 жылғы 6 маусымнан бастап 2020 жылғы 6 маусымға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
  2. Басқарма осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. Меншік иесі алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  5. «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

        

 Астана қаласының әкiмі    Б. Сұлтанов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109