280

№ 1-8 29.04.2019 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімі

«Астана қаласы бойынша сайлау

учаскелерінің шекаралары туралы»

Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы

13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне

өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ШЕШТІ:

  1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 15 желтоқсандағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

шешімнің атауындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

атауындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

№ 26 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқыту орталығы» РММ, Железнодорожный тұрғын алабы, В. Маяковский көшесі, № 3/3)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – № 29 орта-мектеп, Железнодорожный тұрғын алабы, М. Горький көшесі, № 22)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 30 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ж. Нәжімеденов көшесіндегі № 37 үйді қоса алғанда, Атамұра, Шарбақты, Б. Шолақ, Қапал көшелеріндегі үйлер.»;

№ 34 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «12», «12/1», «12/2» деген сандар алынып тасталсын;

№ 40 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы «28/1» деген сандардан кейін «30», «30/1» деген сандармен толықтырылсын;

№ 44 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қ. Сәтбаев көшесінен Б. Момышұлы даңғылының жұп сандар жағынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылының жұп сандар жағынан Ақыртас көшесіне дейін, Ақыртас көшесінің тақ сандар жағынан Жанкент көшесіне дейін, Жанкент көшесінің тақ сандар жағынан Қ. Сәтбаев көшесіне дейін, Қ. Сәтбаев көшесінің тақ сандар жағынан, Жайдарман орамындағы № 1 үйді қоса алғанда, Б. Момышұлы даңғылына дейін.»;

№ 46 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы «31/1» деген сандардан кейін «31/2» деген сандармен толықтырылсын;

№ 51 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тәуелсіздік даңғылынан Ақыртас көшесінің жұп сандар жағынан Жанкент көшесіне дейін, Жанкент көшесінің тақ сандар жағынан Қ. Сәтбаев көшесіне дейін, Қ. Сәтбаев көшесінің тақ сандар жағынан Обаған көшесіне дейін, Обаған көшесінің жұп сандар жағынан М. Жұмабаев даңғылына дейін, М. Жұмабаев даңғылының тақ сандар жағынан Айнакөл көшесіне дейін, Айнакөл көшесінің тақ сандар жағынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының тақ сандар жағынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылының тақ сандар жағынан Ақыртас көшесіне дейін.»;

№ 56 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы «Сарыкөл көшесіне дейін» деген сөздерден кейін «Сарыкөл көшесі жағынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының жұп сандар жағынан М. Жұмабаев даңғылына дейін.» деген сөздермен толықтырылсын;

№ 60 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы «Ш. Қалдаяқов көшесінің жұп сандар жағынан» деген сөздерден кейін «№ 2, 2/1, 2/2 үйлерді қоспағанда» деген сөздермен және сандармен толықтырылсын;

жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымшада:

атауындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

№ 76 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РМК, Ж. Тәшенов көшесі, № 25)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, Ж. Тәшенов көшесі, № 25)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 81 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – № 8 орта мектеп, Асан қайғы көшесі, № 56)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 8 қалалық емхана» МКК, Ә. Сембинов көшесі, № 4)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 82 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – № 8 орта мектеп, Асан қайғы көшесі, № 56)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 8 қалалық емхана» МКК, Ә. Сембинов көшесі, № 4/1)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 87 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «Ш. Уәлиханов көшесі, № 4 үй.» деген сөздер мен сан алынып тасталсын;

№ 92 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК, Абай даңғылы, № 103)» деген сөздер мен сандар (орталығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы – Байқоңыр ауданының № 5 бөлімі, Абай даңғылы, № 80) деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:

атауындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

№ 105 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, № 5)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – Астана халықаралық университеті, Қабанбай батыр даңғылы, № 8)» деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;

№ 108 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – «Абу Даби Плаза» көрме орталығы)» деген сөздер (орталығы – Экономикалық лицей, Түркістан көшесі, № 8/3)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 110 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «Д. Қонаев көшесіне дейін, Д. Қонаев көшесінің тақ сандар жағынан Нұрлыжол көшесіне дейін, Нұрлыжол көшесінің жұп сандар жағынан» деген сөздер алынып тасталсын;

№ 111 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «Нұрлыжол көшесіне дейін, Нұржол көшесінің жұп сандар жағынан Достық көшесіне дейін, Достық көшесінің жұп сандар жағынан» деген сөздер алынып тасталсын;

№ 112 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «Достық көшесіне дейін, Достық көшесінің тақ сандар жағынан Нұрлыжол көшесіне дейін, Нұрлыжол көшесінің тақ сандар жағынан» деген сөздер алынып тасталсын;

№ 114 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Е312 көшесінен (жобалық атауы) І. Омаров көшесінің тақ сандар жағынан Е10 көшесіне (жобалық атауы) дейін, Е10 көшесінің (жобалық атауы) тақ сандар жағынан Е25 көшесіне (жобалық атауы) дейін, Е25 көшесінен (жобалық атауы) Е312 көшесіне (жобалық атауы) дейін, Е312 көшесінің (жобалық атауы) жұп сандар жағынан І. Омаров көшесіне дейін.»;

№ 115 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «Сығанақ» деген сөз «Е10 көшесінің (жобалық атауы)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 123 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, Қ. Мұхамедханов көшесі, № 37А)» деген сөздер мен сандар (орталығы – № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, Ұлы дала даңғылы, № 27/2)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 124 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Есіл өзенінің арнасынан Домалақ ана көшесіне дейін, Домалақ ана көшесінің тақ сандар жағынан Қорғалжын тасжолына дейін, Қорғалжын тасжолының жұп сандар жағынан Ш. Айтматов көшесіне дейін, Ш. Айтматов көшесінің тақ сандар жағынан Қ. Мұхамеджанов көшесіне дейін, Қ. Мұхамеджанов көшесінің тақ сандар жағынан Е182 көшесіне (жобалық атауы) дейін, Е182 көшесінен (жобалық атауы) Есіл өзенінің арнасына дейін.»;

№ 125 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – «Данияр АСТ» ЖШС, «Керемет» моншасы, Тұран даңғылы, № 19)» деген сөздер мен сандар (орталығы – «SMART» бизнес орталығы, Қорғалжын тасжолы, № 3б) деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;

№ 129 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Е30 көшесінен (жобалық атауы) Е10 көшесінің (жобалық атауы) жұп сандар жағынан Е25 көшесіне (жобалық атауы) дейін, Е25 көшесінен (жобалық атауы) Ш. Айтматов көшесіне дейін, Ш. Айтматов көшесінің жұп сандар жағынан Ұлы Дала даңғылына дейін, Ұлы Дала даңғылының тақ сандар жағынан Е30 көшесіне (жобалық атауы) дейін, Е30 көшесінің (жобалық атауы) жұп сандар жағынан Е10 көшесіне дейін.»;

№ 136 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – «Baby Village» балабақшасы, Шабдалы көшесі, № 234)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, Ұлы дала даңғылы, № 27/2)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген шешімге 4-қосымшада:

атауындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

№ 138 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан көшесі, № 13)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – «Астана» концерт залы, Кенеcары көшесі, № 32)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

№ 164 сайлау учаскесінде:

шекараның сипаттамасындағы «Сарыарқа даңғылынан» деген сөздер «Бөгенбай батыр даңғылынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

№ 177 сайлау учаскесінде:

атауындағы «(орталығы – Менеджмент және бизнес колледжі, Жеңіс даңғылы, № 68а)» деген сөздер мен сандар «(орталығы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жеңіс даңғылы, № 62)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

№ 180 сайлау учаскесінде:

атауындағы (орталығы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ (қалалық жиналу пункті), А. Затаевич көшесі, № 13)» деген сөздер мен сандар «орталығы – Қалалық жиналу пункті, А. Затаевич көшесі, № 13)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

  • шекараның сипаттамасындағы «М. Тынышбаев» деген сөз «И. Құтпанов» деген сөзбен ауыстырылсын;

№ 236 сайлау учаскесі алынып тасталсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Е. Каналимовке жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі       Б. Сұлтанов

КЕЛІСІЛДІ

Нұр-Сұлтан қаласы қалалық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

__________________В. Редкокашин

2019 жылғы «__»______________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109