Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы
Мемлекет мұқтажы үшiн жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығару (сатып алу) туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру және саябақты жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген, Нұр-Сұлтан қаласы, «Байқоңыр» ауданы, С 189 және С 745 (жобалық атаулары) көшелері мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 6,2503 га жер учаскесі 2020 жылғы 6 қаңтардан 2021 жылғы 6 қаңтарға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей меншік иелеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.
- Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
- Меншік иелері алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
Нұр-Сұлтан қаласының әкiмі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары А. Әмрин
Жиынтық-аналитикалық
бөлімінің басшысы Ж. Сәрсенова
«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс
және тұрғын үй саясаты басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы Ж. Мырзағали
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz