50

Жер учаскелерiн шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі  69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – құрылыс салушы) мүддесінде қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес КСС-1 және КСС-2 кәріз-сорғы станциясы бар шаруашылық-тұрмыстық кәрізді жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы,   № 37 көшеден Е117 көшеге (жобалық атаулары) дейінгі ауданда орналасқан жалпы ауданы 1 учаске – 2,6441 га, 2 учаске – 0,2400 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
  2. Құрылыс салушы осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға көрсетілген жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  3. Құрылыс салушы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін (қауымдық сервитут) он жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен ауданы: 1 учаске – 1,4778 га, 2 учаске – 0,2400 га мемлекет меншігіндегі жерлерге жер учаскелеріне қауымдық сервитут шартын жасассын.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

Нұр-Сұлтан қаласының әкiмі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Нұркенов
«Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-
құқықтық бөлімі басшысының
міндетін атқарушы Ж. Сәрсенова
«Нұр-Сұлтан қаласының
Отын-энергетикалық кешені
және коммуналдық шаруашылық
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Е. Төлеуов
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109