139

Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес іздестіру және резиденция объектілерін жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Е114 (жобалық атауы) көшесі ауданы мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 2,3988 га жер учаскесі 2020 жылғы 15 мамырдан 2021 жылғы 15 мамырға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-қимылдарды орындасын.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. Меншік иесі алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.  

Нұр-Сұлтан қаласының әкiмі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Нұркенов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев 
«Нұр-Сұлтан қаласының
Құрылыс және тұрғын үй саясаты
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Есенбаев
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109