2314

Шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында уақытша шектеу және карантин шараларын енгізу туралы Қаулы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21, 148, 150 және 152-баптарына, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика  министрінің 2015 жылғы 20  наурыздағы № 239 бұйрығы негізінде Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі топтағы тұрғындары арасында  COVID-19 жұқтыруының күрт өсуі және оның халық арасында таралуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

         Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 27 маусымның сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 29 маусымның сағат 00.00-ге дейін демалыс күндері шектеу және карантиндік іс-шараларды уақытша күшейту енгізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, мемлекеттік мекемелерге, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына:
  • карантин режимін, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүруге, келесі жағдайларды қоспағанда, тыйым салынсын:

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүруіне  жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда қосымшаға сәйкес;

         - азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын жері немесе жұмыс орнына жақын дүкендерден, дәріханалардан сатып алу;

         - шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;

         - үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;

           - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына  қосымша шектеу шараларының қолданылу кезеңінде ен алдымен қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұсынылады;

         - 65 жастан асқан тұлғаларға уақытша шектеулер кезеңінде осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз көшеге шығуға шектеу қойылсын;

         - сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және тұрмыстық дүкендерінде, қызмет көрсету орындарында және көпшілік жиналатын орындарда дезинфекциялық шаралар өткізілсін. 

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, мемлекеттік мекемелерге, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға 2020 жылғы 27 маусымның сағат 00.00-ден бастап 29 маусымның сағат 00.00-ге дейін осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілерді қоспағанда, қызметі тоқтатылсын.

1) Келесі кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің жұмысына тыйым салынсын, оның ішінде:

- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желіліері(суперматкеттер, гипермаркеттер) базарлар және азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың дүкендері,жәрмеңкелер;

- мейрамхана, кафе, фаст-фуд, фудкорт, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары,  сыртта таза ауада 50-ден аспайтын отыратын орны бар қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және жеткізу сервисін (22.00сағ. дейін) қоспағанда;

- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер;

- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ студиялары, барбер-шоптар, солярийлер, массаж орталықтары және қызмет көрсету саласының басқа да ұқсас объектілері;

- қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;

- қоғамдық көліктің қозғалысы;

 - СКҚ, автожуу, дөңгелек жөндеу сервисі, автобөлшек дүкендері;

- атыс орындары, тирлер;

- құрылыс алаңынан тыс шықпастан жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігімен жұмысшыларға арналған құрылыс алаңдарында жатақханалары бар құрылыс компаниялары;

- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, көше ойын алаңдарының және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыс істеуі;

- қаржы нарығы мен қызметтер субъектілері және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар;

 - Нұр-Сұлтан қаласына территориялық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы тұлғаларға - әлеуметтік қашықтықты сақтау.

2) Осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне:

         - қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мүмкіндігі бойынша ауыстыру;

             - жұмыс орнына дейін және тұрғылықты жеріне кері орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз ету;

         - қызметкерлерді жұмыс орнынан анықтамалармен қамтамасыз етілсін.

         3) көп пәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдері мен бірінші қажетті тауарларды сатуды жүзеге асыратын дүкендерге (шағын маркеттерге) жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленсін.

         4) алын ала бекітілген кестелер бойынша және бекітілген алгоритмдерге сәйкес жекелеген оқу орындарына ұлттық бірыңғай тестілеу мен түсу емтихандарын өткізуге рұқсат етілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне:

         1) көрсетілген қаулының қолданылу кезеңінде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу не орындамау фактілері анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын;

         2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде және басқа да демалыс орындарында болуына жол бермеу мақсатында оларды арнайы  құрылғылармен және қоршаулармен жабуды қамтамасыз етсін;

         3) енгізілген шектеулерді сақтау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында патрульдеуі ұйымдастырылсын.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жұқтыру ошақтарын оқшаулауды және оның елорда тұрғындары арасында таралу қаупін азайтуды қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімнің маңыздылығын ашуға бағытталған шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін.
  2. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 Нұр-Сұлтан қаласының Бас

мемлекеттік санитарлық дәрігері                                             Ж.К.Пралиева

 

  

____________Қаулысына

Қосымша

 

Қызмет көрсету түрі рұқсат етілген, тоқтатуға жатпайтын

мекемелер мен ұйымдар

тізімі

 

  1. Денсаулық сақтау саласы, оның ішінде:
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес медицина мекемелері, оның ішінде стоматологиялық;
  • Зертханалық қызметтер;
  • Дәріханалар.
  1. Ветеринарлық қызметтер.
  2. Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтері, оның ішінде:
  • Электроэнергетикалық компаниялар;
  • Сумен қамтамасыз ету/жылумен қамтамасыз ету
  • Өртке қарсы және апаттық құтқару қызметтері;
  • Тұрғын үйлерді басқару саласындағы қызметтер (электрик, сантехник, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық құтқару қызметі, оның ішінде лифттерге қызмет көрсету);
  • Көшелер мен үй-жайларды жинау;
  • Қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және жою;
  • Дезинфекция;
  • Көлік қозғалысын реттеуші техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мекемелер;
  • Телекоммуникация және байланыс;
  • Арнайы көлік құралдары мен такси қызметі;
  • Пошта және курьер қызметтері;
  • «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК.
  1. Әуезжай, Т/ж және авто вокзалдары;
  2. Бұқаралық ақпарат құралдары.
  3. Жанармайқұю және газқұю станциялары.
  4. Басқа да маңызды қызметтер, оның ішінде:
  • Азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды және алғашқы қажеттіліктегі тауарларды жеткізу қызметтері, көп пәтерлі үйлерде және жер үйлер көп орналасқан бөліктерде орналасқан дүкендер;
  • Сауда-логистикалық орталықтары, қоймалар, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдарды сату қызметтері.
  1. Бірінші басшының шешімі бойынша мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар (Орталық және басқа да), олардың құрылымдық мекемелері.

            Қызмет түрі рұқсат етілген тізімге енбеген барлық саладағы мекемелер мен ұйымдар, қолданыстағы Қаулының іске асу уақытында қалыпты жұмыс істеу тәртібін тоқтатып, қызметін қашықтықтан жүргізе алады, оның ішінде онлайн режимі арқылы. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109