Есіл өзенінің сол жағалау даласында мыңдаған жылдар бұрын пайда болған қыпшақ сұлтанының әскери ордасы Қазақстанның жаңа астанасы – Нұр-Сұлтан тарихында өз орнын алды. Бозоқ қаласының орнын ашу және зерттеуге орай қала тарихының мыңдаған жыл өткен заманға кететіні анықталды.

Нұра мен Есіл өзендерінің бассейндерінде орналасқан ортағасырлық қалаларды іздестірумен XX ғасырдың басынан бастап әйгілі ғалымдар да, жергілікті өлкетанушылар да айналыса бастады. Алайда, тек астананы Алматыдан Ақмолаға көшірумен байланысты жоғарғы Есіл маңын жоспарлы археологиялық зерттеу басталды. Бозоқ қалашығын 1998 жылы Есіл археологиялық экспедициясының негізін қалаушы және жетекшісі К.А. Ақышев ашты.

Тұрақ әскери орда ретінде туындады, Бозоқ қаласының келбеті мен әскери-бекініс сапасы алтын орда уақытының әскери ісінің деңгейіне сәйкеспейді, бұл Сарыарқа даласында оғыз-қыпшақ тайпалары көтеріле бастаған монғолға дейінгі кезеңдегі қаланың пайда болуына әкелгенін растайды.

Ғасырлар өтіп, алғашқы қоныстанушылар мекенді тастап кетті. Қаланың тарихында екінші кезең Қыпшақ хандығының (Х-ХІғ.) далада күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салды. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Олардың іргетасы қазу барысында ашылды. Қаланың жаңа тұрғындары орларды жауып, бұл жерде бірінші рет бірінші кесенелер мен мұнаралар салды. Мұнда таңқаларлық ештеңе жоқ, себебі терең ежелгі дәуірден қалалар далада қасиетті орындар айналасында, ата-бабалардың мазары айналасында қалыптасқан.

Осы орынды игерудің үшінші кезеңі алтын орда дәуірінде (XIII-XIV ғ) басталды және жаңа мерзімге дейін жалғасты. Бозоқ қалашығының орны діни орталық мәртебесіне ие болып, ақсүйектерді жерлеу орнына айналады. Бозоқ қалашығында шикі және күйдірілген кірпіштен салынған бес кесененің қалдықтары зерттелді. Кесенелердің жанында кірпіш күйдіретін пештер ашылды. Мазарлардың бірінде болжам бойынша 1321 жылы шығарылған күміс тиын табылды.

Бозоқ қалашығындағы өмір Қазақ хандығы кезеңінде де жалғасқан болуы мүмкін. Мұсылмандық салтпен қойылған жерлеу орындары ашылды: өлгендер шұңқырларға жерленген – ляхад – бастарымен батысқа, беттерімен оңтүстікке қаратылып, жерлеу заттарынсыз қойылған. Ең соңғы жерлеу XVII - XVIII ғғ. жатуы мүмкін. Археологиялық ескерткіштің оңтүстік шетінде XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ қыстауларының қираған үйінділері орналасқан. Мезгілі Кузнецк фарфорының фрагменттері бойынша белгіленген. Бозоқ қалашығы Қазақстанның астанасы үшін өзінің ежелгі бастауының дәлелі ретінде бірегей мәнге ие. Қазіргі Нұр-Сұлтанның орнында мың жылдан астам уақыт бұрын әскери ставканың пайда болуы геостратегиялық фактор - Дала Жібек жолының керуен бағыттарын бақылау мүмкіндігімен байланысты. Бозоқ қалашығы, оның аумағында кесенелердің шоғырлануына қарағанда, Нұр-Есіл өңірінің ортағасырлық халқының рухани Меккесі болды.