Тың игеру

Солтүстік провинциялық қалашықтыңтарихындағы ең елеулі кезеңдердің бірі КСРО партиясы мен үкіметінің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдауымен басталды. Жас энтузиастар Кеңес Одағының барлық қалаларынан КПСС ОК бас хатшысы Н.Хрущевтің идеяларын өмірге келтіруді бастады. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыдан еріктілер мінген бірінші эшелон, ал 5 наурызда - мәскеулік тың  игерушілер эшелоны келді. Тарихи деректерге сәйкес, тек 1953 жылдан бастап 1958 жылға дейінгі кезеңде Ақмола облысына 270 мың адам келді. Осы уақытқа дейін Қазақстанның жас астанасында сол алғашқы тың игерушілердің балалары мен немерелері тұрады.

Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн.га тың жер көтерілді. Қала өркендеп дами бастады және 1960 жылы 26 желтоқсанда Астықты өңірді құру туралы жарлық шықты. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.

Қазақстанда астанасы Целиноград болатын Астықты өңірді құру сияқты Н. Хрущевтің тағы бір идеясын орындау мақсатында КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы қабылданып, қаланы дамытудың бас жоспары, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс бағытта ескі құрылысты қайта жарақтау және жаңа құрылысты дамыту жоспары әзірленді. 1963 жылы 6 қарашада Целиноградта телеорталық жұмыс істей бастады. Ол кезде латвиялық сәулетшілер П.Ю. Фогелс, О.Н. Крауклис, Д.К. Даннебергтіңжобасы бойынша салынған Тың игерушілер Сарайы ашылды. Ол 2 355 орынға есептелген. Көлемі мен жабдықтар жүйесі бойынша ол кездегі Кремльдің съездер сарайынан кейінгі КСРО-да екінші саналды. 

Бір уақытта КОКП ОК Бас хатшысы Никита Хрущевтің ойы жүзеге аспады - қала тың аймағының ресми астанасы болмады. Бірақ дәл ол болашақта егемен Қазақстанның жаңа астанасы болуға тиіс еді. Бұл ретте, тарихи өлшем бойынша қалаға бұл жоғары мәртебені күту ұзақ уақытқа созылған жоқ.