1272

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

         «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға келесі объектіні беру бойынша қайталама тендер өтетіндігін хабарлайды:

Объект: «Астана-АҚБ» ЖШС 51 % қатысу үлесі

Мекенжай: Тілендиев даңғылы, 2

Тапсыру мерзімі: 5 жыл;

Бағалау құны: 32 627 250 теңге

Кепілдік жарна: 4 894 088 теңге.

 

         Көрсетілген объект бойынша тендер www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.

         Тендер өткізу уақыты: 2018 жылғы «15» қараша, сағат 10.00-де.

         Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру үрдісі 2015 жылғы  16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің № 17 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

        

Сенімгерлік басқарушының міндеттері:

Сенімгерлік басқарушының міндеттері:

  1. Серіктестіктегі 100 % үлестік қатысуды толық сатып алғанға дейін заңды тұлға қызметінің профилін сақтау.
  2. Қалалық зираттарды тиісті түрде күтіп ұстауды қамтамасыз ету, Астана қаалсының зираттары мен жерлеу орындарындың аумағын жинау мен ағымдағы және қажеттілік бойыншакүрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  3. Астана қаласының аудан әкімдіктерімен жерлеу және зират басына құрылыс салу үшін жер учаскесін бөлуге ресми келісім:

         - негізсіз және биоқалдықтарды жерлеу;

         - барлық жерлеулерді, оның ішінде Ұлттық пантеонда жүргізу;

         - жерлеуді тек жұмыс істеп тұрған зираттарда және қайтыс болу фактісін тіркейтін органдармен берілген қайтыс болу туралы куәлікті бергеннен кейін жүзеге асыру;

         - қабірді қазу, оған мәйітті түсіру, қабірді құммен жабу және төбешік салу бойынша қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету.

         Жерлеу орындары тегін беріледі. Туысқандары мен жеке тұлғалардың көмегімен жерлеу бойынша жұмыстарды орындау сенімгерлік басқарушымен келісілгеннен кейін жүргізіледі.

  1. Жерлеуді жүргізетін тұлғалар мынадай болуы керек:

- сіреспе және сібір жарасына қарсы екпелер (санитарлық кітапшаның болуы) (ҚР ДМ 19.11.2012 ж. № 902 бұйрығы);

- арнайы киіммен және арнайы аяқ киімдермен, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген (резеңке аяқ киімдер, резеңке қолғаптар, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон).

  1. ЖШС жарғылық капиталындағы 100 % қатысу үлесін толық сатып алғанға дейін ЖШС штаттық санын сақтау;
  2. Жыл сайын ЖШС кірісінен кемінде 37 % ЖШС қызметкерлерінің еңбекке ақы төлеу қорын сақтау.
  3. Ұжымдық шарттың ережесін сақтауды қамтамасыз ету, ЖШС жұмыскерлерінің жағдайын нашарлататын ұжымдық шартқа өзгертулер енгізуге тыйым салынады.
  4. Жыл сайынғы негізде ұсынылғатын қызметтердің Астана қаласының аудан әкімдіктерімен аталған жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақылы негізде және бірыңғай тарифтерінің тізбесін келісу.
  5. 2019 жылдың 1 наурызына дейін сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен әкімшілік-басқарушы персоналды орналастыру үшін орын-жаймен, Астана қаласының сызығында және қала сызығында орналасқан зираттардың аумағында кемінде 40 адамға жұмысшылар мен жүргізушілерді орналастыру үшін орын-жаймен қамтамасыз ету.
  6. Сенімгерлік басқарушың меншігінде мынадай техникалардың болуы (растайтын құжаттарды қоса беру):

- кемінде 2 бірлік суару машиналары;

- кемінде 1 бірлік адамдарды тасымалдауға арналған автобус;

- кемінде 1 бірлік орташа автогрейдер;

- кемінде 1 бірлік 3 куб.метр болатын шөміш көлемді тиегіш;

- кемінде 1 бірлік аспалы жабдығы бар Unimog («Унимог», кез келген жерде жүре беретін жүк көлігі);

- тіркемелі немесе аспалы жабдық: Астана қаласы зираттарының биік орман ағаштарын (8-15 м) химиялық тазарту үшін шашу ұзындығы  20-25 метр болатын шашатын факелді электронды реттегіш бағыттау функциясы бар желдеткіш бүріккіш.

Астана қаласының жерлеу орындарын күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде аталған техникаларды пайдалануды қамтамасыз ету (жалпы саны – 21 зират).

  1. Штаттық күзетшілермен және күзет фирмаларын тартумен қалалық зираттардың аумағын жыл бойы күзетуді қамтамасыз ету (растайтын құжаттарды қоса беру: ниет келісім шарты және т.б.).
  2. 2018 жылғы 31 желтоқсанның соңына дейінгі мерзімге жаңа зираттың аумағында мәйіттердің құрылысы жобасына «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ және «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ келісуге ұсыну.
  3. 2019 жылдың соңына дейінгі мерзімге сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен жаңа зираттың аумағында мәйіттердің құрылысын жүргізу және пайдалануға беру.
  4. Сенімгерлік басқарушының есептік шотында міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін кемінде 200 000 000 теңге мөлшерінде бос ақшалай қаражаттың болуын (Банк анықтамасымен растау).

 

         Сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптар:

  1. Сенімгерлік басқару объектілерін тиімді басқару жөніндеші тендерлік ұсынысты беру. Тендерге рұқсат берілген кезде сенімгерлік басқару объектісін басқару және пайдалану бойынша ең жақсы дамыту жоспары ескерілетін болаты (электронды нұсқасын қоса беру).

        

Қосымша талаптар

 

  1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес, кепілдік жарна мынадай жағдайларда құрылтайшымен қайтарылмайды:

         тендер нәтижелері туралы хаттамаға және шартқа жеңімпазбен қол қойылмаған жағдайда;

         жеңімпазға кейіннен сатып алу құқығымен объектіні сенімгерлік басқаруға бергенде;

         объектіні сатып алудан сенімгерлік басқарушының бас тартуы. 

  1. Сатып алудың нарықтық құны сенімгерлік басқару мерзімінің ішінде инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады.

 

_________________________________________

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

 

         Тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

         Өтінімге:

         1) тендерлік ұсыныс (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде);

         2) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);

         3) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

         - тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

         - "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

         - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

         - жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

         - тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

         - хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

         Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.

         Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.

         Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

         Кепілдік жарналарды қабылдау үшін:

  1. IBAN KZ946017111000000330, БИК: HSBKKZKX, Банк атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16;

Төлемді алушы (қаз.): "АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, БСН: 050540004455.

         Анықтама үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 649 кабинет, 55 68 01, 55 01 68.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109