1849

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша) Астана қаласының әкімдігі, Бейбітшілік көшесі 11, 2- қабат, кинозал мекенжайы бойынша 2018 жылы 5 шілдеде сағат 15:00-де өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау мен салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша) Астана қаласының әкімдігі, Бейбітшілік көшесі 11, 2- қабат, кинозал мекенжайы бойынша 2018 жылы 5 шілдеде сағат 15:00-де өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау мен салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасынан 5% құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы»ММ-нің есептік шотына ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады:ЖСКKZ740705023980001001"ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті " ММ, БСКKKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту:Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) аукционға қатысуға өтінім;

2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжат;

3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Шетел азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар қазақ және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған шетел паспорты мен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 1 қабат, 106 аудитория 2018 жылғы 4 шілдеде сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукционның басталуына,Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, кинозалмекенжайы бойынша 2018 жылдың 5 шілдеде сағат 14:30-ден бастап жүргізілетін болады.

2018 жылғы 21 маусымда Бейбітшілік көшесі 11 үй мекенжайында орналасқан әкімдіктің ғимаратындағы 103 кабинетте сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін аукционның мәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон нөмірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-01-67, 55-74-95.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109