Энергетика басқармасы сенімді және іркіліссіз жылу және электр қуатымен жабдықтау жобаларын іске асыруда

Энергетика басқармасының алдында жылу көздері, жылумен және электр қуатымен жабдықтаушы жаңа нысандарды іске қосу, тозығы жеткен жабдықтарды қайта жөндеу және жаңғырту бойынша міндеттер қойылып отыр. Бұл туралы әкімдікте өткен отырыста белгілі болды. 

Атап айтқанда, үстіміздегі жылы Байтұрсынов және Нәжімеденов көшелерінде үш подстанцияны және жылу магистралін іске қосу жоспарланған. Аталған нысандар жаңа т/ж вокзалын, әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» колледжін, Достық кентін, 4-ші кезеңдегі жылу магистралінің №15,16 сорғыш станцияларын, Батығау, Шығыс құрылыс ауданын, «Жасыл квартал» ТК, апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша құрылыс ауданын, ҚИК, ЭКСПО-2017 өткізуге орайластырылған нысандарын электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2019 жылы ЖЭО-1-ді қайта жөндеу және ЖЭО-2-ні кеңейту жұмыстары аяқталады. Нысанда энергия шығындарын және атмосфераға тасталатын лас заттардың мөлшерін азайтуға, жылу көздеріндегі басқару процестерін автоматтандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін түрлі қосымша жабдықтарды орнату қарастырылған. Сондай-ақ, осы кезеңде ЖЭО-3-тің 1-кезегінің құрылысы аяқталып, оны 2018-2019 жж. жылыту маусымына іске қосу көзделіп отыр.

Әлеуметтік нысандарды 2017-2018 жж. жылыту маусымына дейін орталықтандырылған жылумен қамтуға көшіру үшін ҚазМЗУ университет қалашығына, №61 орта мектепке, №53 «Мерей» балабақшасына, Қан орталығына жылу құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы қала аудандарында көптеген жылу магистральдарын қайта жөндеу және ЖЭО-3-тен Ұлы Дала көшесіне дейін 5-кезектегі жылу магистралінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Аталған жобаны іске асыру құрылысы жүріп жатқан ЖЭО-3-тен жылуды қаланың оң және сол жағалауына, ЭКСПО нысандарына жылу жеткізуге мүмкігдік береді. Молдағұлова көшесінде жылу құбырының құрылысы да жалғастырылады, бұл келешекте жаңа нысандарды қосуға және әлеуметтік нысандарды, «Сарыарқа» велотрегін, «Астана-Арена» стадионын,  «Highwill Park» тұрғын үй кешенін, ҚазМЗУ-ді, 6 мектепті, 4 балабақшаны, және Тілендиев даңғылындағы тұрғын үй кешендерін орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне көшіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, №38 көшесінде Тельман кентіне дейін (Тәуелсіздік  Керей және Жәнібек хандар) жылу магистралінің құрылысы да жоспарға енгізілген. Оған қоса, ЖЭО-3-ті және Индустриялық парк кәсіпорындарын техникалық сумен жабдықтайтын техникалық су резервуарлары бар сорғыш станциясының құрылысы тағы бар.

«Самал» екі подстанциясының құрылысы да электр қуатымен қамту сенімділігін арттырады, бұл Абай - Сембинов - Иманов - Янушкевич квадратындағы көшелер, ал «Қазбек» ПС іске қосылса, жаңа туберкулезге қарсы диспансер, Железнодорожный кенті, №2 Индустриялық парк, әлеуметтік нысандар және әскери қалашық электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Подстанцияны 2018 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. 

Сонымен бірге, 70 таратушы және трансформаторлық подстанцияны қайта жөндеу жобалары аяқталады. Бұл жұмыстар қаланың оң жағалауында жүргізіледі. Жобаның мақсаты - тозығы жеткен жабдықтарды алмастыру.
Бұған қоса, энергетиктер келесі бағыттар бойынша жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

1. 6-кезектегі жылу магистралінің техника-экономикалық негіздемесі, ол қаланың солтүстік-батыс бөлігін ЖЭО-3-тің 2-ші кезегінен жылумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

2. Тілендиев даңғылындағы жылу магистралінің жобалық-сметалық құжаттары, бұл жобаның іске асырудың арқасында «Ұлытау», «Жетіжол», «Ақотау», «Ақ тілек», «Көктал-2» тұрғын үй кешендері орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады. Құрылысты үстіміздегі жылы бастау жоспарланып отыр.

3. ТМ-48 және ТМ-48 жүктеуге арналған 5 кезектің арасындағы қосқыштың жобалық-сметалық құжаттары.

4. Астана қ. жаңа таратушы және трансформаторлық подстанциялардың құрылысы. 3 кезек (100 дана)» жобасының және Қаланың оң жағалауындағы энергетикалық жабдықтарын жаңғырту үшін Батығай ауданының жобалық-сметалық құжаттары.

5. Қалалық желілерден сенімді және іркіліссіз энергиямен қамту мақсатында Агроқалашық ауданының, Өндіріс, Теміржол тұрғын алаптарының электр желілерінің жобалық-сметалық құжаттары.

Басқарма мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде Тельман кентінде «Ишим» ПС және Өндіріс кентінде «Өндіріс» ПС құрылысы жоспарланған. Аталған жобаны 2017-2019 жж. іске асыру көзделген. Аталған подстанциялар қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін және Өндіріс кентін, ЭЧ-8 желісін жарықпен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірленіп жатқан Астана қ. энергия үнемдеу кешенді жоспарында қарастырылған міндеттерді шешу үшін пилоттық жоба ретінде Астана қ. 138 бюджеттік мекемесінде (білім беру, денсалық сақтау, мәдениет) автоматтандырылған жылу бекеттерін орнату және диспетчеризациясы бар энергия тұтынуды басқару жүйелерін енгізу қарастырылған. Есептеулерге сәйкес, бұл бюджеттік мекемелердің жылу жүктемесін 10%-ға немесе 10,9 Гкал/сағ қысқартуға мүмкіндік береді.

«Алай» коммуналдық базарын, Алаш тас жолының бойындағы құрылыс ауданын электр қуатымен қамту үшін «Керамика» ПС қайта жөндеу және кабель желісін тарту, таратушы ПС салу жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109