131

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2019 жылға арналған азаматтық орындалуы туралы есебі

2019 қаржы жылына 2 508 399,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде игерілген қаражат сомасы 2 508 378,5 мың теңге (100%) құралса, 20,5 мың теңге сомасында игерілмеген, және олар бюджетке қайтарылды.

Бюджет қаражаты келесі бағдарламаларды іске асыру үшін бағытталған:

001 "Астана, республикалық маңызы бар қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 1 545 517,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланған, оның ішінде 1 545 515,9 мың теңге игеріліп, 1,1 мың теңге сома игерілмеген, және ол бюджетке қайтарылды.

Бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштері:

Бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаражаттар өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында 93 бірлік штат санының лимиті бар Нұр-сұлтан қала әкімі аппаратын ұстауға бағытталған.

Жоспарланған тікелей нәтиже көрсеткіші жүзеге асырылды: штат саны 93 бірлік құрайтын Нұр-сұлтан қала әкімі аппаратын ұстауы қамтамасыз етілді.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткіші қала әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды орындау және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.

«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 003 бағдарламасы бойынша 13 232,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланған, осылайша бөлінген қаражат 100% игерілді.

Бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштері:

Нұр-сұлтан қаласы әкімі аппаратының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

Тікелей нәтиженің жоспарланған көрсеткіші келесі бағыттар бойынша қол жеткізілді:

25 бірлік көлемінде компьютерлік жабдықтар сатып алу;

Өзге де жабдықтарды сатып алу (иілгіш ұстағышта микрофондар және проекторлар) саны 6 бірлік.

Түпкі нәтиже: аппараттың қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен және компьютерлік жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға қол жеткізілді.

«Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы бойынша 990,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, оның ішінде 989,3 мың теңге игерілген, 0,7 мың теңге сомасында игерілмеген, және бұл сома бюджетке қайтарылды.

Бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштері.

Сайлау үдерісіне қатысушылардың электоралды-құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ электоралды оқыту саласындағы жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру.

Жыл басында жоспарланған тікелей нәтиженің көрсеткіші 13 адамнан тұратын сайлау комиссияларының оқытылған мүшелері болып табылады.

Бөлінген қаражат аясында аталған аудиторияны 3 күндік курста оқыту жоспарланған.

Алайда, сайлау комиссиясы мүшелерінің санының артуына байланысты қосымша қаржы шығындарынсыз оқу уақытын қысқарту есебінен 36 адам оқудан өтті.

Тікелей нәтиже көрсеткіші 36 адамнан тұратын сайлау үдерісінің мүшелерін оқыту болып табылады.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіші 2019 жылы сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту.

«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы бойынша 169 462,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 10 820,0 мың теңге сомасында еңбекақы төлеуді 10% мөлшерінде арттыруға, оның 10 819,2 мың теңге игерілді, 0,8 мың теңге сомасында игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылды;

жергілікті бюджет қаражаты есебінен 158 642,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 158 641,3 мың теңге сомасында қаражат игерілді, 0,7 мың теңге сомасында игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылды.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты шақыру пунктін дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, өртке қарсы және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз ету, ұстау, және жабдықтау болып табылады.

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

Сатып алынған кеңсе жиһаздарының саны 87 бірлік

Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны 2 бірлік

Сатып алынған өзге де жабдықтар саны 25 бірлік

Сатып алынған вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету саны 10 бірлік

Сатып алынған дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдар саны 600 бірлік.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтиженің көрсеткіші жоспар бойынша 1604 адам санында мерзімді әскери қызметке шақырылғандар саны болып табылады, өңірлермен әскерге шақыруға нарядтың орындалмауына байланысты нақты 1622 адам, Нұр-сұлтан қаласы бойынша әскерге шақыруға наряд артты.

«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» 013 бағдарламасы бойынша 262 923,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 5 375,0 мың теңге сомасында еңбекақы төлеуді 10% мөлшерінде арттыруға бөлінді, 0,9 мың теңге сомасында игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылды.

жергілікті бюджет қаражаты есебінен 257 548,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 257 534,4 мың теңге сомасында қаражат игерілді, 13,6 мың теңге сомасында игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылды.

Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыста қолдау көрсетуді ұйымдастыру, Ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуы деп танылады.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Сатып алынған өзге де жабдықтардың саны 309 бірлік;

Өткізілетін іс-шаралар саны 26 іс-шара.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткіші 2019 жылға арналған этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалаған халықтың үлесі 93 % құрады.

«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғанысын дайындау және аумақтық қорғанысы» 011, 012 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру» 012 және 014 «Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» 014 бағдарламалары құпия болып табылады және жариялануға жатпайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109