470

«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға арналған жоспарлау деңгейіндегі (бекітілген) азаматтық бюджеті

Бюджеттік жоспарлау алдағы қаржы жылында барлық бюджеттік бағдарламалардың шығындарын ескере отырып ағымдағы жылда бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен жүзеге асырады. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - аппарат) 2019 жылға арналған бюджеттік жоспарлануы 2018 жылы жүзеге асырылды және Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №333/42-VI «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.

Аппарат сегіз бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы;
  2. «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы;
  3. «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы;
  4. «Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың   аумақтық қорғанысы» 011 бағдарламасы;
  5. «Жұмылдыру дайындығы және республикалық маңызы бар  қаланың, астананы жұмылдыру» 012 бағдарламасы;
  6. «Республикалық маңызы бар қала, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету» 013 бағдарламасы;
  7. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың  ауқымындағы  төтенше  жағдайдың алдын алу мен  жою» 014 бағдарламасы;
  8. «Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы.

2019 жылға арналған аппараттың бюджеті 2 235 970,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламалар бойынша бекітілді:

«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша 2019 жылға 1 292 139,0 мың теңге қарастырылды. Берілген бағдарламада Астана қаласы әкімінің аппаратын ұстауға және оны қамтамасыз етуіне байланысты шығындар, яғни  жалақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға керек-жарақтарды сатып алу, байланыс және Интернет қызметтері үшін ақы төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету, Астана қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйелерінің жұмысын қолдау, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және баспа қызметтері сияқты түрлерге бөлінеді.

Осы бағдарламаның тура нәтижесінің көрсеткіші – 91 бірлігі   штат санының шегінде жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Астана қаласының аппаратын ұстау.

Бағдарламаны іске асырудың соңғы нәтижесі – әкім аппаратына жүктелген міндеттерді орындау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.

«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы бойынша 2019 жылға 35 070,0 мың теңге қарастырылған. Берілген бағдарламада компьютерлік және оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары сияқты аппарат қызметкерлерді материалды-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығындар есептелінеді.
2019 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері:

№ № р/к

р

 

 

 

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

2019 жылғы жоспары

11

Сатып алынған кеңсе жабдықтарының саны

дана

8

22

Сатып алынған компьютерлік техниканың саны

дана

21

33

Сатып алынған кеңсе жиһаздарының саны

дана

20

44

Сатып алынған басқа жабдықтардың саны

дана

4

Осы бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі - әкім аппаратының қажетті бағдарламалық және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.

«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы бойынша 2019 жылға 150 131,0 мың теңге қарастырылған.

Бұл бағдарламада әскери-шақыру пунктісін қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек, құрал, өртке қарсы қорғаныс және экономикалық мүлікті, автокөлік құралдарын, сондай-ақ байланыс және қорғау құралдарын жабдықтауға бағытталған шығындар есепке алынады.

2019 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

№ № р/к

р

 

 

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

 2019 жылғы жоспары

11.

Сатып алынған кеңсе жиһаздарының саны

дана

53

22.

Сатып алынған басқа жабдықтардың саны

дана

4

33.

Сатып алынған антивирустық бағдарламалар саны

дана

10

44.

Сатып алынған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны

дана

2400

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: 2019 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтардың саны - 2400 адам, 2020 жылы - 2400 адам және 2021 жылы - 2400 адам.

«Республикалық маңызы бар қала, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» 013 бағдарламасы бойынша 2019 жылға 189 038,0 мың теңге қарастырылған.  Бұл бағдарлама Ассамблея қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан халқы Ассмаблеясы міндеттерін орындауға бағытталған этно-мәдени және басқа да қоғамдық бірлескен мекемелерді қолдауды ұйымдастыру бойынша шығындар есепке алынады.

2019 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

№ № р/к

р

 

 

 

Тура нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2019 жылға жоспары

11.

Штат саны

Штат бірлігі

25

22.

Штат саны

Штаттан тыс бірлігі

25

33.

Сатып алынған басқа жабдықтардың саны

заттар

171

44.

Өткізілген іс-шаралар саны

Іс-шара

27

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты бағалаған халықтың үлесі - 2019 жылға - 93%, 2020 жылға қарай - 95%, 2021 ж. - 97%.

«Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы бойынша 2019 жылға 1 072,0 мың теңге қарастырылған. Бұл бағдарлама бойынша сайлау процесіне қатысушылардың сайлау және құқықтық мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ сайлау алдындағы дайындық саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру бойынша шығындар ескеріледі.

2019 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері: сайлау комиссияларының оқытылған мүшелерінің саны - 13 адам.

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту.

«Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар  қаланың, астананың   аумақтық қорғанысы» 011, «Жұмылдыру дайындығы  және республикалық маңызы бар  қаланың, астананы жұмылдыру» 012 және «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  ауқымындағы  төтенше  жағдайдың алдын алу мен  жою» 014 бағдарламалар туралы ақпарат құпия болып табылады және жариялануға жатпайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109