Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының  үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге арналған 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда n.pussyrmanov@astana.kz электронды почтасына жолдауларыңызды сұраймыз (556701).

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 7-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі мемлекеттік органның интернет ресурсында жарияланған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы қажет.