«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Астана, 2018 жылғы «29» желтоқсан

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (арықарай – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

  1. Конкурс жөнінде

Орталық ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар ҮЕҰ қатыса алады.

Оператор мынадай:

 1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған;

 2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген;

 3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмаған және (немесе) уақытылы ұсынылмаған;

 4) грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.

Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:

 1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

 2) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінімнің ұсынылуы;

 3) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе;

 4) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;

 5) егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

  1. Сұраныстарды қабылдау мерзімі. Сұраныстар жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.

Қағаз бетіндегі сұраныстар мен электронды тасымалдағыштағы қосымшасын мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Астана қ., Тұран даңғылы, 19/1, БО «Эдем», 6 қабат, 604 кабинет.

MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Сұраныстар 2019 жылдың «21» қаңтары сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Орталық қызметкерлерінің сұраныстарды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Астана уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

  1. Сұраныс форматы мен грант алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  Мемлекеттік гранттар алу туралы конкурсқа қатысуға сұраныс Орталыққа қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз бетінде және электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешкаға немесе CD-диск) пошта байланысымен және электрондық поштаға (grants@cisc.kz электрондық поштасына) жіберіледі немесе Орталыққа қолма-қол конкурсқа сұранымдар қабылдау мерзімінен кешіктірмей өткізіледі. Электрондық тасымалдағыш сұраныстың электрондық нұсқасы ретінде Орталықта қалады, яки қайтарылмайды.

Электронды тасымалдағыштағы конкурсқа қатысу туралы сұраныс MsWord форматындағы бір құжат пен жетекшінің қолы қойылып, мөрі басылған сұраныстың сканерден өткізілген нұсқасының PDF форматындағы (бір құжат ретінде) түрінде болуы тиіс.

  Егер бір ҮЕҰ бірнеше әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға сұраныс берсе, әр сұранысты жеке хат түрінде жолдауды, ал сұраныстың электронды тасымалдағыштағы (USB флеш карта немесе CD-диск) көшірмесін қағаздағы нұсқаға қосымша ретінде жалғап, төменде көрсетілген мекен-жайға белгіленген уақытта жолдануы тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;

5-тармақша бойынша ескертпелер:

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мерзімі 3 (үш) жыл болса, 4 және 5 қосымшаны әр жылға сәйке толтыру қажет.

Шығындар сметасын жасау кезінде гранттық келісімшартта бекітілген мынадай негізгі талаптар есепке алынады:

- әлеуметтік жобалардың іс-шараларына міндетті түрде қысқаша бейне шолу жасау;

- қоғммен байланыс жөніндегі маманның, бірінші басшының және бухгалтердің жобалық топтаа міндетті түрде болуы тиіс;

- қоғамдық шаралар болған жағдайда Орталықтың логотипі мен Қоғмдық даму министрлігінің логотипі бар баннер орнатылуы тиіс.

Сұранымды толтыру барысында жобаны жүзеге асыру 2019 жылдың 29 наурызында басталып, 2019 жылдың 29 қарашасына дейін аяқталатынын ескеру қажет (жүзеге асыру мерзімі 1 жылдан кем әлеуметтік жобалар үшін).

6) ұйым жарғысының көшірмесі;

7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;

8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (жобаға қатысатын ұйымның ресми нысанында болған жағдайда немесе немесе жобаны қолдайтын адамнан жеке толтырылған құжат болған жағдайда беріледі).

9-тармақша бойынша ескертпелер – бар болған жағдайда берілед

Әлеуметтік жобаға өз үлесін қосқаны жайлы ақпарат ҮЕҰ хатымен расталады. Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат.

Әлеуметтік жобаға басқа қаржыландыру көздерінен түскен үлест жайлы ақпарат қаржыландырып отырған тұлғаның хатымен расталады Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат.

жобаға үлесін қосатын заңды тұлға үшін ұйымның ресми бланкісінде; жобаға қолдау көрсететін жеке тұлға үшін өз қолымен толтырылған құжат тапсырылуы тиіс.

Өтінімдерді почта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі. Құжаттар тігіліп, сұраныс берушінің мөрі басылады (егер болса) және бірінші басшы немесе орынбасарының қолы қойылады.         

Сұраныс беруші құжаттардың түгел болуын және ондағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі керек.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109