Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының жастар саясатын жүргізуге арналған 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы АҚПАРАТ

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.

«TRANSFORMATION - 2019»

NEET жастар санатын әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар кешені

6 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) Мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын жүзеге асыру  бойынша іс-шаралар жоспарының 18-пункті «Қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру».

Астана қаласының жастары

Нағыз жобамен 18-29 жас аралығындағы NEET жастар санатын, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді әлеуметтендіру және жұмыспен қамту жүйесін ары қарай дамыту көзделеді. NEET санатының жастары санының азаюы.

2.

Жастарда киберкеңістікте ақпарат сараптау, сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру бойынша «TRUE or FALSE» жобасы

6 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) 68 пункті «жастардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтауға бағытталған әлеуметтік және аналитикалық зерттеулерін жүйелік негізде өткізу» мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы бойынша іс-шаралар жоспары.

03.07.2017 ж. 6.1 Пункт Астана қаласының әкімімен бекітілген жастар мен балаларды спорт пен шығармашылыққа баулу, олардың бос уақытын қамтамасыз ету бойынша 2017-2020 жылдарға іс-шаралар жоспары.

 

Астана қаласының жастары

“True or false” жобасы жастардың ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жоба аясында фактчекинг, ақпараттық қауіпсіздік, сандық сауаттылық, әлеуметтік желілердегі медиаэтика және жеке брендті дамыту бойынша тренингтер күтіледі. Жобаның көмегімен жастар тек ақпаратты сараптап қана қоймай, сонымен қоса, ақпаратты дұрыс қолдануға үйренеді. Жоба барысында мамандар қатысушыларға ақпаратты таратудың құқықтық және технолоргиялық аспектілерін түсіндіретін болады.

3.

Халықаралық жастар қайырымдылық балы «ONE WORLD - ONE LIFE» (бір әлем – бір өмір)

25 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары.

Астана қаласының жастары

Шара мақсаты:

Жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасау, олардың рухани және мәдени әлеуеттерін көтеру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін және белсенді азаматтық ұстанымын нығайту, жастардың эстетикалық тәрбиесін жақсарту. Іс-шара Тәуелсіздігіміздің символы, Президентіміз бен халқымыздың жұмыстарының көрсеткіші, еліміздің әрбір азаматының мақтанышына айналатын Жастар жылына ұштастырылған.

 

Күтілетін нәтиже:

Өскелең ұрпақ арасында прагматизм мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту механизмдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Елбасының Бағдарламалық «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының идеясы мен құндылықтарын жастар арасында дәріптеу.

4.

«ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ СЫЙЛЫҒЫ – 2019» жастар премиясы

11 млн

ҚР Үкіметінің отырысының 10.01.17 №1 (1.7 п.) хаттамасы

Астана қаласының әкімі 03.07.2017 ж. (1.1 пункті) бекіткен 2017-2020 жылдарға жастар мен балаларды спорт пен шығармашылыққа баулу және олардың бос уақыттарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары

 

Астана қаласының жастары

Жастар сыйлығы жастардың әрі қарай дамуына ынталандырады. Жыл сайын көптеген жастар жұмысқа орналасу, сапалы жоғары білім алу, мансап қуу және т.б. мақсаттарда елордаға шоғырланады. Жастар өз мақсаттарына жетуге, жаңа іс-шаралар ортасында болуға, қала өміріне белсене ат салысуға ұмтылады. Осыған орай, жастарға мемлекеттік саясатты дұрыс жағынан насихаттап түсіндіретін көшбасшылар пулын қалыптастыруымыз қажет. Сыйлық иегерлері жаңа көшбасшыларды жандырып, қолдайтын астананың өміріне қатысушылар, спикерер және көшбасшылар ретінде белсене қатыстырылады.

5.

 

«I LOVE LIFE» жобасы Жастар арасында суицидтік қозғалыстың алдын алу бойынша іс-шаралар кешені

7 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» Мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы; Мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын жүзеге асыру  бойынша іс-шаралар жоспары (екінші кезең – 2016-2020 жылдар); Жастар жылын атап өтуге байланысты «Астана жастары – 2019» Жол картасы.

Астана қаласының жастары

Осындай жолмен ұйымдастырылған жұмыстар жастар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психологиялық қорғалуына, девиантты қылықты жастардың санын азайтуға және суицидтік әрекеттерді болдырмауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол бала мен ата-ана ортасындағы қарым-қатынастарын оңтайландыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың психологиялық дамуы, әрбір оқушының өзін-өзі танытуына ықпал ететін дағдылар мен әдістерді қалыптастыру. Сынып жетекшісіне, пән мұғаліміне оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелік оқу-тәрбиелік жұмыстарын құруға көмек көрсету. Анықталған психологиялық мәселелерді уақытылы түзетулер енгізу үшін және оқу-тәрбиелік процесін оңтайландыруға жағдай жасау. Жоба баланы әлеуметтік ортаға белсенді бейімдеуге бағытталған, соның ішінде табысты жұмыс істейтін және перспективалық психологиялық денсаулықты қоса алғанда, мұғалімдердің, психологтың, мектеп әкімшілігінің және ата-аналардың бірлескен жұмысының бірыңғай жүйесі ретінде іске асырылуы мүмкін.

 

 

6.

«Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастардың еңбек жасақтары қызметтеріне көмек

51 млн 295 мың

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары; 2 тарау, 15 пункт, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету».

Астана қаласының жастары

Қаланың мемлекеттік орман фондының орманмен жайылған аудандарын, елді мекендерді жасылдандыру және жасыл зоналарды ұлғайту, адамды жеке тұлға ретінде эстетикалық тәрбиелеу, жастарды уақытша жұмыспен қамту.

7.

«JAIDARMAN», «Астана қаласы әкімінің кубогы – 2019» және қалалық чемпионаттар ойындары

18 млн

2017-2019 жылдарға мемлекеттік даму бағдарламасын және 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының тілдер қолданысы іс-шараларының жоспары;

65 пункт, «Жастар арасында мемлекеттік тілді танымалдандыру бойынша іс-шаралар өткізу»

Астана қаласының жастары

Қалалық «Жайдарман» және «Астана қаласы әкімінің кубогы-2019» ойындары елорда жастарының визит карточкасы болып табылады. Көңілді әрі тапқыр жастар өзара тартысып, ең мықтысы жеңіске жетеді. Қалалық «Жайдарман» ойындарын өткізу идеяларының қызықтылығы және алуан түрлілігі сонша, берілген байқаулар үлкен потенциалға ие және жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға үлесін тигізеді.

 

8.

Әлемнің түркі тілдес халықтарының арасындағы халықаралық жастар әзіл-сықақ КВН фестивалі

8 млн

2017-2019 жылдарға мемлекеттік даму бағдарламасын және 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының тілдер қолданысы іс-шараларының жоспары;

65 пункт, «Жастар арасында мемлекеттік тілді танымалдандыру бойынша іс-шаралар өткізу»

 

Астана қаласының жастары

Әлемнің түркі тілдес халықтары арасындағы халықаралық жастар әзіл-сықақ фестивалі елорда жастарының визит карточкасы болып табылады. Көңілді әрі тапқыр жастар өзара тартысып, ең мықтысы жеңіске жетеді. Фестивалді өткізу идеяларының қызықтылығы және алуан түрлілігі сонша, берілген байқаулар үлкен потенциалға ие және жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға үлесін тигізеді.

9.

«I QAZAQ» 

Салт-дәстүрлер, тарихи шолулар мен қазіргі заманғы трендтерге сілтемелер арқылы қазіргі заманғы қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру

10 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, 6 тарау, 60 пункт

Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен жастар саясаты бойынша Кеңестің ХХІ отырысының хаттамасы

Астана қаласының жастары

Өскелең ұрпақ арасында прагматизм мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту механизмдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Елбасының Бағдарламалық «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының идеясы мен құндылықтарын жастар арасында дәріптеу.

10.

Астана қаласы жастарының паспорты - 2019

14 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Астана қаласының жастары

Әлеуметтік зерттеулер кешені, жастар паспорты.

11.

Жастар жылына арналған «Жастар жырлайды» атты жас ақындар арасындағы байқау

4,5 млн

2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» (екінші кезең) мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Астана қаласының жастары

Байқау мемлекеттік тілде жазатын жас талантты ақындарды анықтап, оларды тарту, үздік туындыларын шығару, көпшілік алдындағы өнер көрсетулерін ұйымдастыру, ақындардың шығармашылық өсуіне және танымалдылығына себеп болу мақсатымен өткізіледі.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109