КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫ МЕН АСТАНА ҚАЛАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес Астана қаласы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы мемлекеттік органдар өкілдерінің, коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңес мүшелігіне 25 үміткер сайлау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдайды (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес).

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі мен Қоғамдық кеңес үміткерлеріне қойылатын талаптар Заңның 10-бабының 1-ші және 2-ші -тармақтарына сәйкес болуы тиіс .

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар ұсынады:

1) коммерциялық емес ұйымдардың жазбаша ұсыныстары және (немесе) азаматтардың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатурасын ұсыну өтініштері;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Астана қаласы Қоғамдық кеңес мүшелігі конкурсына қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар және азаматтардың құжаттары 2019 жылғы 6-шы ақпаннан 19-шы ақпанға дейін қабылданады.

Құжаттар Астана қаласы мәслихатына, мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 212-кабинет, немесе maslihat_org@mail.ru электронды поштаға жіберуге болады.

Анықтама үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-31.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109