ҮЕҰ НАЗАРЫНА! «АСАР» ҮШ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ПЛАТФОРМАСЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «АСАР» үш жақты ынтымақтастық ІІІ Республикалық форумы шеңберіндегі әлеуметтік жобалар сайысын жариялайды.

Платформаға қатысуға жергілікті қауымдастықты дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге тұрғындардың әлеуетін тартуға және осы аймақтардағы өмір деңгейін көтеруге бағытталған жобалар шақырылады.

        Платформа келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- ЭСО-ASAR (қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді шешуге, халықты экологиялық мәдениетке баулуға және өсіп келе жатқан буынның экологиялық мәселелер жайында білім деңгейін көтеруге бағытталған жобалар).

- IT-ASAR (сандық жүйеге көшіру арқылы жергілікті қауымдастың мәселелерін шешуге бағытталған жобалар).

- INCLUSIVE-ASAR (инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар).

Платформаға қатысу үшін 2019 жылдың 24 мамыры күнгі сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен) asar@cisc.kz электрондық поштасына қосымшаға сәйкес өтінімді қазақ/орыс тілінде жіберу қажет.

Өтінім көрсетілген формаға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін), бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін), инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркелуі тиіс.

Барлық өтінімдер жиналғаннан кейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының онлайын алаңында ашық жарияланымда болады және кәсіпкерлер арасында таратылады.

Барлық туындаған мәселелер бойынша анықтаманы Азаматтық бастамалар орталығының мына телефонынан ала аласыз: 8 (7172) 22 11 32, mukhameganova@cisc.kz.

Платформаға қатысу бойынша толығырақ ақпарат Әлеуметтік жобалар платформасының ережесінен таба аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109