ҮЕҰ-дың назарына! «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қоры гранттар байқауын жариялайды

«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қоры (бұдан әрі – Корпоративтік қоры) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары (КЕҰ) арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мақсатында «ӘREKET» жобасын (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асыруда.

2019 жылы жоба аясында Корпоративтік қор гранттар байқауын өткізеді. Әрбір КЕҰ гранттар байқауына қатысып, әлеуметтік кәсіпкерлік* саласында өз жобасын жүзеге асыруға 3 млн. теңгеге дейін грант жеңіп ала алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:

2019 жылдың 3-30 маусымы аралығында КЕҰ мүшелері гранттар байқауы туралы ережеге сәйкес өтінім береді.  Байқауға қатысуға өтінімдер электронды түрде areket.skt@gmail.com пошта мекен-жайы бойынша қабылданады.

2019 жылдың 1-15 шілдесі аралығында Корпоративтік қор өтінімдердің алғашқы  іріктеуін жүргізеді.

Екінші кезең:

2019 жылдың 16 шілдесінен 1 тамызына дейін екінші кезеңге өткен КЕҰ байқау комиссиясы іріктейтін толыққанды өтінімдерді ұсынады.  Байқау комиссиясы құрамына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, әлеуметтік және бизнес секторының сарапшылары кіреді.

Үшінші кезең:

2019 жылғы 13-16 тамыз аралығында іріктеу қорытындысы бойынша КЕҰ әлеуметтік әсер ету, инновация, өзін-өзі қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылық, бизнесті жоспарлау, PR және маркетинг және т.б.  қамтитын үш күндік «Инкубатор»  білім беру бағдарламасына қатысып, одан әрі байқау комиссиясының алдында жобаларын қорғауға мүмкіндік алады.

 Жобалар қорғалғаннан кейін байқау комиссиясы әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобаларын жүзеге асыратын грант алушыларды анықтайды.

Тренингке қатысуға жұмсалатын барлық шығындарды Корпоративтік қор өтейді.

Гранттар байқауы басталғанға дейін «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық кездесулер өткізеді:

13 мамыр - Қызылорда;

14 мамыр - Талдықорған, Түркістан;

15 мамыр - Шымкент, Орал, Қостанай;

16 мамыр - Көкшетау;

17 мамыр - Алматы;

20 мамыр - Ақтөбе;

21 мамыр - Атырау;

22 мамыр - Қарағанды, Тараз;

24 мамыр - Ақтау;

27 мамыр - Петропавл;

29 мамыр - Павлодар;

31 мамыр - Өскемен;

3 маусым - Нұр-Сұлтан.

Кездесулерді өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат www.sk-trust.kz сайтта қосымша жарияланады. Кездесуге қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, түсіндіру кездесулерін өткізу уақыты мен орны туралы толық ақпарат алу үшін www.sk-trust.kz сайтта тіркеу сауалнамасын толтыруды сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда, КЕҰ келесі байланыс нөмірі: +7 (7172) 57 63 05, 24 80 14 (қоңыраулар Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) арқылы немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласа алады.

«ӘREKET» жобасы аясында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған гранттар байқауын өткізу туралы Ережемен осы сілтеме бойынша http://www.sk-trust.kz/kz/competition танысуға болады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109