Нұр-Сұлтанда өткен тәлімгерлердің семинар-тренингі өз мәресіне жетті!

2019 жылдың 14-17 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік грант шеңберінде КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін менторлардың 4 тобын барып оқытуды ұйымдастыру» атты  семинар-тренингті Елордалық «KAZBRANDS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шара осылайша өз мәресіне жетті. Аталмыш тренингке еліміздің түкпір-түкпір жерлерінен келген тәжірибелі тәлімгерлер өз біліктіліктерімен бөлісіп, Қазақстанның жастарын жаңа деңгейге көтеруге үлес қосты. Жалпы тәжірибелі көшбасшылар мен тәлімгерлер жастарға өмірлік өз жолдарын табуға, кәсібилігін арттыруға, тұлғалық дамуы мен өзін-өз тануларына менторинг әдісі (тәлімгер) арқылы қолдау көрсету, ментор қызметін атқара алатын ғалымдар, кәсіпкерлер, сарапшылар, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, кәсіпорын жетекшілері,мемлекеттік қызметкелермен өзара әрекет ету және тәжірибе алмасу әдісі арқылы қоғамдағы тәлімгерлікті дамыту бойынша тәлімгерлер жаңа идеяларымен бөлісті.

Сонымен қатар, жоба жастарды табысқа жетелеуге, ынталандыруға, кәсіпқойлауға, құқықтық кеңес беруге және тәлімгерлердің көмегімен жеке басының өсуіне ықпал етететінін ескергеніміз жөн.

Оқыту жұмыстарын тәжірибелі қазақстандық және халықаралық жаттықтырушылар мен жастар көшбасшылары өткізді. Олар: Ғалия Нұрбекова, Мадина Белялова, Ғани Абадан, Илья Шмелев (Мәскеу), Жанна Ибраева, "Астана ТВ" телеарнасының тележүргізушісі Санди Сұлтан, соның ішінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары.

Семинар-тренингтің жабылу рәсімінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі, қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Оразкуль-ханым Асанғазы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина, Қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Нұрлан Жазылбеков, «Астана жастары» жастар орталығы басшысының орынбасары Ақерке Жұманбаева, «KAZBRANDS» ҚҚ басшысы Жанна Кайкенова қатысып, семинар-тренингтің қатысушыларына ақ баталарын берді.

Тәжірибелі мамандардан тәлім алған қатысушылар шараның соңғы күнінде арнайы сертификаттармен марапатталып, естелік ретінде суретке түсті.

Шара соңында, 4 аймақтық топтың тәлімгерлері жастарға өмірлік траекторияны қалыптастыру, тәлімгерлік құралдар арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі анықтауға көмектесу үшін елімізде тәлімгерлер мектебін құруды ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109