«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге қайта конкурс жариялайды

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (әрі қарай – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы № 1192  қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

  1. Конкурс жөнінде

Оператор Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі - ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды ұсыну қайталау конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының 12 сәуір 2005 жыл №36-III «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.  

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі  қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109