Шығыс және Жағалаудың проблемалы объектілері бойынша маңызды ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі  бүгінгі таңда Шығыс 1А, Шығыс 1В, Шығыс 2А,Шығыс 2В, Шығыс 3А, Шығыс 3Б, Шығыс 4, Шығыс 4  1-кезек, Шығыс 4 2-кезек, Шығыс 4  3-кезек, Шығыс 5, 1-кезек, Шығыс 5, 2,3-кезек, Жағалау 3, 30-блок, Жағалау 4,  1-полигон, 1-кезек, Жағалау 4, 3-полигон, Жағалау 4,  4-полигон проблемалы болып табылатындығы және уәкілетті ұйым «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынатынын хабарлайды.

Осыған орай Қала әкімдігі жоғарыда көрсетілген объектілерде тұрғын үйді сатып алуға байланысты кез келген мәмілелерді жасаудан қалыс қалуды ұсынады.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының нотариаттық палатасына мәмілелерді жасау жөнінде шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы тиісті өтініш жіберілді.

Бұдан басқа, құрылыс салушымен не оның үлестес тұлғаларымен жасалатын мәмілелер жарамсыз деп танылатын болады.

«Шығыс, Жағалау» тұрғын үй кешендерінің тобын салуды аяқтау мәселесі тұрақты бақылауда тұр және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шеңберінде қаралып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі  «Лея» құрылыс компаниялары тобы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз   жылжымайтын мүлікті өткізу бойынша жарнамалауды жүзеге асырғаны, ол «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының 23-бабын бұзу болып табылатындығын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен «Лея» құрылыс компаниялары тобы объектілер бойынша (тұрғын үй кешендері)  Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • «Лея за рекой» ТҮК - құрылыс салушы «За рекой» ТҮҚК
  • «Лея север» ТҮК - құрылыс салушы «Enterprise» ЖШС
  • «Лея Station city» ТҮК - құрылыс салушы «ЖБК Group» ЖШС

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңның 7-бабы негізінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері№

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

  1. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу;
  2. екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
  3. тұрғын үй қаңқасын (тұрғын үй ғимаратын) тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.  

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңға сәйкес өзге тәсілдермен тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.  

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұзғаны үшін Заң талаптарының және әкімшілік жауапкершіліктің сақталуын бақылау туралы хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Заңның талаптарын бұзғаны үшін 11 компанияны 5 832 750 теңге айыппұлдың жалпы сомасында жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты болған кезде ғана құрылыс салушыдан жылжымайтын мүлікті сатып алуды ұсынады.

Салынып отырған нысанындағы пәтерді қалай алуға болады?

Астана қаласының аймағындағы салынып отырған нысандарындағы тұрғын үйлердің әлеуетті сатып алушылардың жиелене түскен өтініштерімен, сонымен қатар қаржының бөлінуісіз, пайыссыз, кепілсіз, шамалы құжаттары бар құрылысшылардан түсетін бұқаралық ақпарат құралдарындағы әр түрлі ұсыныстарымен байланысты барлығы айқын салынуда.

Жылжымайтын мүлік инвесторлар ақша тарту үшін рұқсат беру тәртібі

Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109