Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі  «Лея» құрылыс компаниялары тобы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз   жылжымайтын мүлікті өткізу бойынша жарнамалауды жүзеге асырғаны, ол «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының 23-бабын бұзу болып табылатындығын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен «Лея» құрылыс компаниялары тобы объектілер бойынша (тұрғын үй кешендері)  Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • «Лея за рекой» ТҮК - құрылыс салушы «За рекой» ТҮҚК
  • «Лея север» ТҮК - құрылыс салушы «Enterprise» ЖШС
  • «Лея Station city» ТҮК - құрылыс салушы «ЖБК Group» ЖШС

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңның 7-бабы негізінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері№

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

  1. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу;
  2. екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
  3. тұрғын үй қаңқасын (тұрғын үй ғимаратын) тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.  

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңға сәйкес өзге тәсілдермен тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109