Шығыс және Жағалаудың проблемалы объектілері бойынша маңызды ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі  бүгінгі таңда Шығыс 1А, Шығыс 1В, Шығыс 2А,Шығыс 2В, Шығыс 3А, Шығыс 3Б, Шығыс 4, Шығыс 4  1-кезек, Шығыс 4 2-кезек, Шығыс 4  3-кезек, Шығыс 5, 1-кезек, Шығыс 5, 2,3-кезек, Жағалау 3, 30-блок, Жағалау 4,  1-полигон, 1-кезек, Жағалау 4, 3-полигон, Жағалау 4,  4-полигон проблемалы болып табылатындығы және уәкілетті ұйым «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынатынын хабарлайды.

Осыған орай Қала әкімдігі жоғарыда көрсетілген объектілерде тұрғын үйді сатып алуға байланысты кез келген мәмілелерді жасаудан қалыс қалуды ұсынады.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының нотариаттық палатасына мәмілелерді жасау жөнінде шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы тиісті өтініш жіберілді.

Бұдан басқа, құрылыс салушымен не оның үлестес тұлғаларымен жасалатын мәмілелер жарамсыз деп танылатын болады.

«Шығыс, Жағалау» тұрғын үй кешендерінің тобын салуды аяқтау мәселесі тұрақты бақылауда тұр және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шеңберінде қаралып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109