730

«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 431 кабинет,  анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-31, 8 (7172) 55-64-32, факс 8 (7172) 55-73-12 office_akimat@astana.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы  (D-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

  Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясын, Кеңесінің отырыстарын, ғылыми-сарапшылық  кеңесін дайындау және жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Елбасының, Үкіметтің, қала әкімінің халық бірлігін нығайту, Конституцияның бұлжымастығы жөніндегі, қоғамдық келісімді, саяси тұрақтылықты бекіту жөніндегі саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблея мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасауды қамтамасыз ету. «Қазақстан-2030» стратегиясын, Қазақстан халқы Ассамблеясы стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету. 

  Үміткерлерге қойылатын  негізгі талаптар: 

  Тарих, философия мамандықтары бойынша гуманитарлық ғылымдар; политология, социология, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; қазақ тілі және әдебиет,  орыс тілі және әдебиет мамандықтары бойынша білім салаларындағы жоғары білім

  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

  2) мемлекеттік органда басшылық  немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;  

  3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық  лауазымдарында бір жылдан кем емес;

  4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;   5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан халқы Ассамблея туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, қоғамдық-саяси қатынастар саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер білуі қажет.

  2 . Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ұйымдастыру-бақылау және талдау жұмыстары жөніндегі  бас маманы  (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден  96735 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

  Абаттандыру және санитарлық-экологиялық жағдайды, тұрғын-үй - коммуналдық қызметтік саласында нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылау. Өмір тіршілігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты  пайдалану  саласындағы өңірлік бағдарламаларды орындау мәселелері жөніндегі энергетика, сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Астана қаласы әкімдігінің бөлімдеріне, басқармаларына және құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ету. Астана қаласы әкімдігі отырыстарын дайындау; Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сыни ескертулерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Астана қаласының мәслихатымен сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету және сайлаушылардың тізімдерін дайындау бойынша қарым-қатынас жасау.

 

 

  Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  Техникалық ғылымдар және технологиялар; гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы жоғары білім.

  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

  3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

  3. Астана қаласы әкімі аппаратының бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

  «Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  қалалық қоғамдық көлік, көліктік инфрақұрылымды дамыту; құрылыс саласында қарым-қатынас жасау. Аталған салалар бойынша ақпараттық-талдамалық құжаттар әзірлеу және әкім орынбасарының қатысуымен мәжілістер өткізілу жөнінде тиісті жұмыстарды жүзеге асыру.  Көліктік инфрақұрылымды дамыту, шағын бизнесті пен кәсіпкерлікті, индустриалдық-инновациялық даму  бағдарламаларын іске асыруды бақылау. 

  Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  Техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы жоғары білім.

  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

  3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

  Қазақстан  Республикасындағы көлік туралы», «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, көлік және коммуникация саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет.

  4. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

  2012-2016 жылдарға арналған Астана қаласы азаматтарын тәрбиелеуге және құқықтық оқытудағы, мәдени құқықтық деңгейін көтеруде, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлік бағдарламаның орындалуын бақылау және жалпы көрсеткіштерін жинақтау. Астана қаласы әкімдігінің мүдделерін сотта не болмаса бір-біріне басқа да бағынысты мекемелерде білдіру. Жетекшілік ететін сала жұмысы туралы ақпараттық-талдамалдық материалдар әзірлеу

  Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  Құқықтану мамандығы бойынша құқық саласындағы жоғары білім

  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

  3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

  Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқықтарын білуі.

  5.Баспасөз қызметінің жетекші маманы (D-5 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, 2015 жылғы 3 қыркүйекке дейін).  Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

  Жедел сипаттағы ақпараттық материалдарды дайындау, бөлімде іс жүргізу. БАҚ жарияланымдарға мониторинг жасау. Баспасөз-брифингтерді, ұйымдастыру және өткізу, интернет-сайттар жарияланымдарының дайджестерін дайындау

  Үміткерлерге қойылатын  негізгі талаптар:

  Орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет, тарих мамандықтары бойынша білім; журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі орыс тілі және әдебиет қазақ тілі және әдебиет, тарих мамандықтары бойынша біл ім; немесе журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы білімі барларға рұқсат етіледі.

  Бұқаралық ақпараттық құрал саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет. 

  Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш;  2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

  Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.  Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

   Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 431 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-3 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

D-4,  D-5 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест  (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы»  (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109