488

«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 431 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-31, 8 (7172) 55-64-32, факс 8 (7172) 55-73-12 office_akimat@astana.kz «Б» корпусы

1.  «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (D-О-1 санаты, 1 бірлік).  Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 140298 теңгеден 189626 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласы аумағында абаттандыру, су және газ  саласын реттеу және басқару. Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын қалалық коммуналдық меншік объектілерін салу және қайта жаңғырту бойынша тапсырыс беруші қызметін атқару (сыртқы жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және суды беру, газ шаруашылығы); сыртқы жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және суды беру, газ шаруашылығы саласында қалалық  инфрақұрылымды қызметін қамтамасыз ететін Астана қаласының заңды тұлғалар қызметін үйлестіру.

Үміткерлерге қойылатын  негізгі талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес;  техникалық ғылымдар және технологиялар; құқық салаларындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; 

2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; 

3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес. 

2.  «Астана  қаласының  Тұрғын үй инспекциясы басқармасы»  мемлекеттік

мекемесінің басшысы (D-О-1 санаты, 1 бірлік).  Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 140298 теңгеден 189626 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласының аумағында тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; кондоминимум объектісі жалпы мүлкін техникалық зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; көп пәтерлі үйлердегі және үй маңы аумағындағы орын-жайлар меншік иелерінің жалпы мүлкін пайдалану, ұстау, қолдану және жөндеу тәртібін сақтау. 

Үміткерлерге қойылатын  негізгі талаптар:

Техникалық ғылымдар және технологиялар; әлеуметтік ғылымдар, экономика  және бизнес; құқық салаларындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; 

2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; 

3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес. 

3. Экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы (D-4 санаты,  1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Жетекшілік ететін әкім орынбасарының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау, олардың уақтылы атқарылуын бақылау. Астана қаласы әкімі аппараты қызметінің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру, бюджеттік бағдарламалары іс-шараларына бақылау жүргізу. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, сонымен қатар мемлекеттік мекемелермен және оған ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жоспарлық пен болжамды және т.б. құжаттарын дайындау. Анықталған бұзушылыққа қайта жол бермеу мақсатында тексеру қорытындасы бойынша аппарат басшысына ұсынымдар, есептер, қорытындылар ұсыну.

Үміткерлерге қойылатын  негізгі талаптар:

Білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес;  құқық, гуманитарлық ғылымдар  салаларындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 

4) ғылыми дәрежесінің болуы. 

4. Редакциялық сараптама бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласының әкімі қол қоятын орыс тіліндегі нормативтік құқықтық және өзге де актілердің, хаттардың және басқа да құжаттардың жобаларын редакциялық сараптамадан өткізу. Аппарат мәжілістерінің материалдарына ілеспе аударма, жедел түрдегі құжаттарға мемлекеттік тілден орыс тіліне аударма жасау жөнінде тиісті жұмыстарды жүзеге асыру. Қала әкімі аппаратында тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу, аталған мәселе бойынша уәкілетті органмен қарым-қатынас жасау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Білім саласындағы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

5. Қала өмірі тіршігінін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы  (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Тұрғын үй коммуналдық кешені, лифт шаруашылығы,  нормативтік құқықтық актілерін орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдігі, «Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемелерінің (бағыттар бойынша), «Астанагазсервис» Ақционерлік қоғамы, «Өркен қала», «Орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету», «Астана Газ-Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, ПИК қауымдастықтары, тұрғын үй қоры мен лифт шаруашылығын пайдаланумен айналастын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне жетекшілік етеді және үйлестіреді.  Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар,  техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық салаларындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

6. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы  (D-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Астана қаласында азаматтарды тәрбиелеу және құқықтық оқыту, мәдени құқықтық деңгейін көтеру, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша 2012-2016 жылдарға арналған  өңірлік бағдарламаның орындалуын бақылау және негізгі көрсеткіштерін жинақтау. Сотта және өзге сатыларда Астана қаласы әкімдігінің мүддесін білдіру. Жетекшілік ететін сала жұмысы туралы нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі ақпараттық-талдамалдық материалдарды әзірлеу

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Құқық» саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш;  2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.  Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 431 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Тестілеу бағдарламалары: D-О-1 cанаты үшін  мемлекеттік тілді білуге тест  (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

D-4 санаты бойынша тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест  (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы»  (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109