426

«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 431 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-31, 8 (7172) 55-64-32, факс 8 (7172) 55-73-12 office_akimat@astana.kz «Б» корпусы

Баспасөз қызметінің  бас маманы (D-4 санаты, 1-бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Астана қаласы әкімінің, оның орынбасарларының Қазақстан Республикасының өзге аймақтары мен шетелдік мемлекеттерге ресми сапарларымен қатысты іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және өткізеді; ақпараттық қызметтер мен халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссиялардың қоғамдық байланыс қызметтерімен байланысты нығайтумен айналысады; Астана қаласы әкімі мен әкімдігінің қызметтері туралы имидждік және басқа да ақпараттық өнімдерді дайындаумен және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен айналысады. Басшылықтың тапсырмасы негізінде есеп беруді әзірлеумен айналысады. Баспасөз қызметінің материалдарын қазақ тілінде даярлау; бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) өкілдерімен өзара әрекет етіп, оларға жәрдемдесу; БАҚ-ты түрлі шараларға шақырумен айналысады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жанындағы БАҚ журналистерін аккредитациялау ережелерін білу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар, құқық; техникалық ғылымдар және технологиялар салаларындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш;  2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.  Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 431 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-4 санаты бойынша тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест  (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы»  (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109