475

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы,тг.:

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

               min           max

D-О-4 195 895   255 514 (1)

            227 238       296 396 (2,3,4)

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8 (7172) 55-72-69, 55-64-32, hr-akimat@astana.kz) «Б» корпусының төменгі болып саналатын бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды:

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ бухгалтерлік есепті және есептілікті талдау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; есеп жəне аудит; қаржы) саласындағы жоғары білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау (Мемлекеттік сатып алу базасына тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректерді енгізу); мемлекеттік сатып алу жоспарына уақтылы өзгерістер енгізу; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету» 001 бағдарламасы бойынша, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 005 бағдарламасы бойынша, «Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу» 002 бағдарламасы бойынша, «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» 108 бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алу өткізу; әлеуетті жеткізушілерге конкурс бойынша сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама нысандарын жіберу, қағаз тасығышта және Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық құжаттама жасау; барлық бағдарламалар бойынша конкурсты ашу, жіберу және қорытынды хаттамаларын жүргізу; веб-порталға мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерде қамтылған электрондық түрдегі ақпарат беру; веб-порталға мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілік туралы электрондық түрдегі ақпарат беру (қазақстандық қамту бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша, 1-ГЗ); веб-порталда орналастырылатын мемлекеттік сатып алу туралы электрондық түрдегі өзге де қажетті ақпаратты беру; сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлеміне тұрақты мониторингті жүзеге асыру; өткізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы есептілікті уақтылы жасауды, оны сыртқы және ішкі пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасыз ету. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің номенклатурасы мен көлемін анықтау; шарттар жасасу, баға ұсыныстарын жинау, есептер тапсыру, тауарлар мен материалдық құндылықтарды сатып алу; мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпте бухгалтерлік құжаттарды ресімдеуді, олардың сақталуын қамтамасыз ету; республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын, ұйымдардағы бухгалтерлік есеп нұсқаулығына сәйкес, қаржыландыру жоспарларының орындалуын есепке алуды жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету; қаржы органдарымен жұмысты үйлестіру, бухгалтерияның К-2 бюджетін білу; өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың (Астана қаласы әкімдігінің) өткізген мәжілістеріне қатысу.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электрмен жабдықтау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік, 11.01.2022 дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; есеп және аудит; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару); техникалық ғылымдар және технологиялар; қызмет көрсету (жерге орналастыру) салаларындағы жоғары білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімін бақылау және мониторингілеу; өндіріс жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес объекті құрылысы барысын бақылау және мониторингілеу; объектіге техникалық қадағалау жүргізетін инжинирингті қызметтермен (техникалық қадағалау) өзара байланыс, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған жұмыстар құнын анықтау бқлігінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысын бақылау; №2, №3 (орындалған жұмыстар актісі) үлгісін тексеру және қабылдау; мердігер жұмыстарын мемлекеттік сатып алу құнын анықтау бөлігінде шарт жобасын әзірлеуге қатысу, соның ішінде жобалық жұмыстар бағасы; жобалық-іздестіру бағасын есептеу және жобалау бағасына анықтама әзірлеу; орындалған жұмыстар актісін тексеру (бағалардың сәйкестігі және коэффициенттердің дұрыс пайдаланылуы); ұсынылған ақаулық актілер негізінде смета құру; №2В және 3КС үлгісі бойынша орындалған жұмыстар акітісіне бұрыштама қолын қою; орындалған жұмыстар актісінің сақталуына және олардың дұрыс рәсімделуіне персоналды жауапкершілік арту; заңнамамен бекітілген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; бөлім іс-қағаздарын жүргізу; бөлімнің ұйымдастыру-тәртіптік құжаттарын сақтау және мұрағатқа өткізу.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жылумен жабдықтау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімін бақылау және мониторингілеу; өндіріс жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес объекті құрылысы барысын бақылау және мониторингілеу, объектіге техникалық қадағалау жүргізетін инжинирингті қызметтермен (техникалық қадағалау) өзара байланыс; мердігерлік жұмыстарға конкурс өткізу үшін техникалық құжаттаманың уақтылы әзірленуін бақылау және ұйымдастыру; жобалық-сметалық құжаттаманың орындалған жұмыстары көлемі, сапасы және сәйкестігіне жұмылдырылған  инжинирингті қызмет (техникалық бақылау) расталған №2В үлгісі бойынша орындалған жұмыстар актісіне бұрыштама қолын қою; Астана қаласы әкімінің, орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларын орындау; құрылысы аяқталған пайдалануға берілетін объектілерді өткізу бойынша бақылау және ұйымдастыру; жылу энергиясын жеткізу көлемі бойынша есеп ұсыну; Астана қаласының жылу желілері мен энергия көздерін салу бойынша жұмыстарды үйлестіру; жылыту маусымына дайындалу бойынша штаб ұйымдастыру және өткізу; энергия үнемдеу шараларын өткізу бойынша мердігер ұйымдармен, мекемелермен және жылу объектілерін салу ұйымдарының объектіні салу барысына техникалық қадағалау ұйымының жұмысын бақылау және үйлестіру; жетекшілік ететін бағыттар бойынша кеңес өткізу үшін материалдар әзірлеу; жетекшілік ететін бағыттар бойынша есептерді жоспарлау, талдау және әзірлеу; ведомствалық жылу желілерін есептеу, мониторингілеу;  дайындық жұмыстары, жеке мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу,олардың орындалу мерзімінің сақталуын бақылау; бөлімнің ұйымдастырушылық-тәртіптік құжаттарының мұрағатқа тапсырылуын бақылау.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр); ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану) салаларындағы жоғары білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қаланың бекітілген  инфрақұрылым объектілері бойынша құрылыс және қайта жаңарту барысын күн сайын бақылау.  жобалық-сметалық құжаттаманың орындалған жұмыстары көлемі, сапасы және сәйкестігіне жұмылдырылған  инжинирингті қызмет (техникалық бақылау) расталған жағдайда №2В үлгісі бойынша орындалған жұмыстар актісіне бұрыштама қолын қою.Орындалған жұмыстарды және олардың уақтылы пайдалануға берілуін бақылау. Мердігер ұйымдармен жұмыс істеу. Астана қаласы әкімінің және орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларын орындау; құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға беру және енгізуя; мүдделі мемлекеттік органдармен талап етілетін орындалған жұмыстар туралы есеп ұсыну.  Заңмен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Бөлім іс-қағазын жүргізу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (әрі қарай - Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес  нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саясипартиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109