549

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

'Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы,тг.: 

Санаты еңбек сіңірген жылдарына байланысты 

   D-О-4         min      max

                 227 238  296 396 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz   «Б» корпусы бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізбестен жалпы конкурс жариялайды: 

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасын бақылау басқармасы» ММ газ инспекция және көтергіш құрылымдарын бақылау бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнайгаз ісі; қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі; көлік, көліктік техника және технологиялар; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша); құрылыс; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) салаларындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Өндірістік бақылауларды атқару бойынша Астана қаласының аймағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы коммуналдық-тұрмыстық секторының көтергіш қондырғылары, қазандық, газ таратушы жүйелері мен газ қондырғылары және өзге де қауіпті техникалық құрылғылары бар объектілерде:

- өнеркәсіп қауіпсіздігінің саласында талаптарды ұстану;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлері мен техникалық құрылғыларды техникалық байқаудан өткiзуге;

- қауіпті өндірістік объектілердің иелері азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға шарт жасасу міндеттерін орындауға, және өнеркәсіп қауіпсіздігінің саласында олар талаптарды ұстануға;

- қауіпті техникалық құралдарды есепке алуға мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады. Өндірістік қауіпсіздік саласында ережелерді бұзғаны жөніндегі актіні жасауға басшылыққа ұсыныстар енгізеді; көтергіш қондырғыларға, қазандық, қауіпті техникалық құрылғылары бар газ шаруашылығы және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға тексеру жүргізеді; тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым береді, олардың орындалуын қадағалау, әкімшілік құқықбұзушылық фактілерін анықтау кезінде шешім қабылдау үшін тиісті органдарға материалдарды әзірлейді және береді; уәкілетті органда тексеру тағайындау жөніндегі актілерді уақтылы тіркейді. Өндірістік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге құқық беретін персоналды аттестаттауға; техникалық құрылғыларды  қабылдап алудың сынақтарын жүргізуге; өз құзіретінің шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып апат салдарын тексеруге қатысады. Газды тарату мен газды тұтыну жүйелерін, көтергіш қондырғылары мен қазандық шаруашылығын пайдалануды жүзеге асыратын бақылауда тұрған объектілердің иелеріне, мекемелерге, ұйымдар мен азаматтарға консультативтік көмек көрсетеді. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы семинарларды, жиналыстарды өткізуге қатысу үшін ақпарат әзірлейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, жүгінулерін қарастырады. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасын бақылау басқармасы» ММ жерлердің пайдаланылуы мен сақталуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік, 26.01.2020 дейін негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: қызметтер (жерге орналастыру; кадастр; бағалау); құқық (құқықтану; халықаралық құқық) салаларындағы жоғары білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Жер кодексі және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сәйкес жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген талаптарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша берілген өкілеттіліктерді уақытылы және толық орындайды. Басқарма мұрағатына уақытылы тапсыру үшін номенклатураға сәйкес бекітілген бақылау істерінің, құжаттар мен тексеру материалдарының дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын бұзушыларға уақытылы шаралар қабылдайды. Сот процестеріне қатысады. Жүргізілетін тексерулердің материалдарын әзірлейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары), сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша жауаптарды қарайды және ұсынады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (әрі қарай - Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес  нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарына тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған адамдар тестен және жеке қасиеттерін бағалаудан өтпейді және келесі құжаттарды тапсырады:

1) уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Осы лауазымға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығыстары төленбейді, тұрғын-үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109