568

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізбестен жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:         

Санаты

еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

227 238

296 396

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізбестен жалпы конкурс жариялайды:

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ қауіпсіздікті бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе юрисконсульт және/немесе экономика саласындағы құқықтық реттеу); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысының тоқсан сайынғы және жылдық жоспарларының орындалуын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулеріне жауаптардың уақытылы әзірленуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады. Қауіпсіз еңбек жағдайының құқықтарын қосып алғанда жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау мен қорғауға бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау бойынша уақытылы және сапалы тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстарды атқарады. Еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соқтыратын себептер мен салдарды анықтайды, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік сырқат тексерулеріне қатынасады. Еңбек заңнамаларының бұзылу себептерін жинақтауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын бұзуды алдын алу жөніндегі жұмыстарды күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша шаралар әзірлеуге және қабылдауға қатынасады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын қолдану мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Еңбекақы бойынша қарыздар жинақталуын анықтайды, қаржылай бақылау, еңбекақы төлеу дұрыстығын жүзеге асырады. Еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнамаларды сақтау жағдайына есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар жасауды жүзеге асырады. Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді. Жұмыс беруші тарапынан еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы жұмысшылар мен өзге де тұлғалардың білімдеріне тексеру жүргізеді. Өндірістегі травматизм салдарына талдау жүргізеді және оларды алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмысшылар және жұмыс берушілердің өкілетті тұлғаларымен өзара әрекет жасайды.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет, сағ. 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109