364

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:       

Санаты

еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

477 277

622 533

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары (D-О-2 санаты, 1 бірлік, Р-6).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (жылу электр желілері және/немесе құрылыс және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) және/немесе жылу техникалық  жабдықтары  мен жылу техникалық жүйесін пайдалану және/немесе инженер және/немесе ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларды өндіру және/немесе инженер-электрик және/немесе электр энергетикасы және/немесе инженерлік жүйелер және желілер және/немесе электрмен жабдықтау (салалар бойынша) және/немесе электрмен жабдықтау және электрификация және/немесе техника және технология және/немесе энергетика (жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша))); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы (салалар бойынша)).

Негізгі функционалдық міндеттері: Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеуді Басқарма құзіреті аясында ұйымдастыру; басқарма басшылығының құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ұсыныстарды қарастыруға ұсыну; жетекшілік ететін бөлімдердің жұмыстарын жоспарлау және жалпы басшылықты жүзеге асыру, және өз құзіреті аясында қызметтер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету; заңдылықты сақтауға және қызмет ететін бөлімдерде заңнама талаптарының бұзылуын ескертуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру (қорытынды, анықтама, есеп, қызметтік жазбалар, хаттар және т.б.);  басшылықтың тапсырмасы бойынша басқармамен әзірленетін ведомствалық нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу, сондай-ақ келісім алу немесе пікір алуға басқармаға келіп түсетін кұжаттардың жобалары бойынша қорытындыларды дайындауға қатысу;  басқарма әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша бюджеттік бағдарламалар паспорты мен есептердің жасалуына бақылау жүргізу; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізілуін бақылау; басқарма әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жасалуын бақылау; №2В, №3КС үлгісі бойынша орындалған жұмыстар актісіне бұрыштама қою, тауар, жұмыс, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын бақылау; функционалдық міндеттерге сәйкес жетекшілік ететін бөлімдермен әзірленген құжаттарды, сондай-ақ басқарманың басқа да бөлімшелерімен әзірленген бөлімді жүргізуге қатысты құжаттарға бұрыштама қою; құзыреттілікке жататын мәселелер бойынша басшылықтың бірегей тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; энергетика саласында бюджет қаражатының рационалдық пайдаланылуын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін бөлімдердің жұмыс жоспарын, жетекшілік ететін бағып бойынша бағдарламалардың орындауын қамтамасыз ету және олардың орындалуы туралы есеп әзірлеу; жобалық және құрылыс-монтаж жұмытарына мердігер ұйымдармен шарттың уақтылы жасалуын бақылау және жұмысты ұйымдастыру; қаланың энергетикалық кешендері объектілерінің қызметі мәселелеріне жетекшілік ету, қаланың энергетикалық кәсіпорындары және басқа да ұйымдармен, соның ішінде табиғи монополияларды реттеу, салалық институттар бойынша мүдделі органдармен  өзара байланыс жасау; күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа қаланың объектілерін уақтылы дайындығына бақылау жүргізу; қаланы электр-,жылумен жабдықталуын қамтамасыз ету мәселесін үйлестіру; тұтынушыларды электр-, жылумен жабдықтау мәселесі бойынша әдістемелік басшылықты қамтасамыз ету;  жетекшілік ететін ұйым жұмысын өз құзыреттілігі аясында тексеру;  энергетикалық кешенді дамыту мәселесі бойынша жиын және кеңес өткізу; мердігердің шарт міндеттерін орындауына бақылау жасау, объектінің құрылысы кезінде техникалық қадағалау жүргізу үшін инжинирингті қызмет заңнамасына сәйкес жүмылдыру; объектілерді қабылдау бойынша комиссия жұмысына қатысу; мердігер ұйымдармен жұмыс жасау; құрылыс объектілерінің аяяқталуы бойынша жұмыс комиссиясы тобына қатысу.  Заңнамамен бекітілген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Азаматтарды қабылдау.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, № 320 кабинет) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109