Қазақстанда еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында болатын «Еңбек жолы» байқауына онлайн-дауыс беру жалғасып жатыр

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көпең көп санды әулет таңдалады.

2) «Өндірістің үздік жас маманы»– жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»– жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

9 тамызда еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында өтетін «Еңбек жолы» байқауына онлайн-дауыс беру басталды. 

Онлайн-дауыс беру 2019 жылдың 25 тамызға дейін жалғасады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Еңбек жолы» байқауының республикалық комиссиясы «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін Әкімдігініңhttp://astana.gov.kz ресми сайтында Астана қаласының қатысушылары үшін белсенді түрде онлайн дауыс беруге шақырамыз.

«Үздік еңбек әулеті»

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

«Өндірістің үздік жас маманы»