Астана қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Астана қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

2. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

3. Кеңес қызметі Кеңестің мақсаты мен міндеттеріне қайшы келмейтін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

4. Кеңес отырысының шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары

5. Кеңестің мақсаты үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ), мүдделі ведомстволар және мемлекеттік басқару органдарының азаматтық қоғам институттарын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жүйесін жетілдіру болып табылады.

6. Кеңестің негізгі міндеттері:

  • ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және демократиялық күштердің бірігуін нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, азаматтық қоғамды құруда ҮЕҰ рөлін көтеру;
  • мемлекттік органдар мен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасының оңтайлы үлгісін бірлесіп әзірлеу;
  • қоғамды одан әрі демократияландыруға, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық ынтаны көтеру үшін жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралардың кешенді бағдарламасын әзірлеу;
  • мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, бірлескен іс-шараларды үйлестіру және оларды іске асырудың механизмдерін жасау.
  • Өзінің міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
  • ҮЕҰ қызметіне байланысты мәселелер мен проблемалар жағдайын зерделеу, талдау;
  • ҮЕҰ қызметін белсендіру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар және ҮЕҰ арасындағы өзара қарым-қатынастарын кеңейту және нығайту бойынша ұсынымдар дайындау;
  • тиісті мемлекеттік органдарға және ҮЕҰ талдамалық, әдістемелік және басқа да мәліметтерді қарау және шешім қабылдау үшін жіберу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарас мәселелерін қарастыру.

3. Кеңес қызметін ұйымдастыру және тәртібі

7. Кеңестің жеке құрамы, сондай-ақ оның құрамына енгізілетін өзгерістер Астана қаласының мәслихатымен бекітіледі.

8. Кеңесті, оның қызметіне басшылық ететін төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

9. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық бастамалар ретінде қатысады.

10. Кеңес отырыстары тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады.

11. Отырыс егер оның жұмысына Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып есептеледі.

12. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелері жалпы санының басым көпшілігі дауысы берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі.

13. Дауыс саны тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

14. Кеңес:

  • өз қызметін осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспарлау мен жүзеге асыруға;
  • мемлекеттік органдарға ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, адамның демократиялық құқықтарын және бостандықтарын нығайтуға бағытталған мемлекеттік құрылымдардың және ҮЕҰ қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізуге;
  • Кеңес отырыстарында мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
  • ҮЕҰ және мемлекеттік құрылымдардың бірлескен қызметіне қатысты нақты мәселелер мен проблемалар бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
  • мемлекеттік органдар және ҮЕҰ өзара қарым-қатынасты жетілдіру бойынша шараларды қабылдаумен байланысты басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

4. Кеңестің жұмысы үшін жағдайлар жасау

15. Кеңес отырысының жүргізілуін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.

5. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі

Кеңес қызметін тоқтату туралы шешімді Астана қаласының әкімдігі қабылдайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109