1200

Астана «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына қатысты

Бүгін, 19 наурызда, елорда "Жер сағаты" халықаралық акциясына қатысты. Барша әлемде миллиардтаған адам планетамыздың болашағына немқұрайлы қарамаудың белгісі ретінде өз үйлері мен пәтерлерінде жарық пен электр құралдарын бір сағатқа өшірді. Сонымен қатар, басты объектілер мен туристік көрікті жерлерде де жарық сөндірілді.

Астанада сағат 20.30 - 21.30 аралығында 300 астам ғимараттың сыртқы жарықтандырылуы тоқтатылды, соның ішінде «Бәйтерек» монументінде, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Астана Опера» мемлекеттікопера және балет театрында.

Шараға «Қазақстан» спорт кешені, «Алау» мұз айдын сарайы, «Барыс Арена» сиқты спорттық нысандар да қосылды. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Елордалық цирк, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Жастар» сарайы, Қуыршақ театры мен «Наз» би театры да акцияға қолдау көрсетті.

"Жер сағаты" - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) барша әлемде жүздеген мемлекетті қамтыған және табиғатты сақтаудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқор болудың белгісі болып табылатын ауқымды акциясы. Өткен жылы акцияға 172 мемлекет пен 2 миллиардтан астам адам қатысқан.

Биыл елімізде «Жер сағаты» 16 сәуір – 16 мамыр аралығында өтетін «Ұлттық орман отырғызу күні» республикалық акциясының қамқорлығымен ұйымдастырылды. Акцияға Қазақстаннан 80 қала қатысты. Елорда аталған халықаралық шараны бірнеше жылдан бері қолдап келеді.

Акция қоғам назары баламалы энергия көздерін пайдалануға бағытталған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында аса маңызды болып табылады. Мемлекет энергия үнемдегіш технологияларды пайдаланып, «жасыл экономиканы» дамытуда, осы мақсатта жасалған алғашқы қадам – ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109