1344

Елордада экологиялық патруль өз жұмысын бастады

Бүгін Астанада экологиялық патруль қызметі өз жұмысын бастады, оның құрамына 50 студент пен табиғат қорғау полициясының 25 өкілі енді. Патруль қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз факторлардың ықпал етуінің артуына байланысты ұйымдастырылып отыр.

– Экологиялық патрульдің негізгі қызметі табиғат қорғау заңнамасы нормаларын бұзудың себептерін анықтау. Студенттер бұзушылықтарды тіркеп, Астана қаласының ІІД-не жолдайды, – деді Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Уваев.

Жас күрескерлердің басты міндеті экологиялық мәселелерді анықтау және мүдделі құқық қорғау органдарымен бірге оларды шешу жолдарын іздеу болып табылады.

– Мен Қазақ агротехникалық университетінің 2-ші курс студентімін, мамандығым - эколог. Болашақ маман ретінде елордамыздың таза болғанын қалаймын. Экопатрульдің ашылғанын білгеннен кейін оған қатысуға ниет білдірдім. Қаланың таза болғанын қалаймын. Лас жерлерді фотоға түсіріп, қай жерде орналасқанын жазып, журналға тіркейміз, оны ІІД жолдаймыз, олар ары қарай жұмыс істейді, – деді студент Мұхтар Мәдина.

Жалпы, жергілікті полиция қызметі бұзушылықтарды анықтау үшін қаланы патрульдеу бойынша 10 рейд өткізуді жоспарлап отыр, студенттер де экологиялық бұзушылықты тіркеген жағдайда, кез келген уақытта хабарласа алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109